The research paper considers the possibilities and prospects of integrating non-formal education through Massive Open Online Courses into the educational process of a higher education institution. As a result of the analysis of Massive Open Online Course platforms covering the Internet space, the best practices and teaching methods actively used in online learning are identified. An expert implementation of non-formal education through the mass open online course "Data Visualization in Excel" from the Coursera platform was conducted to obtain user skills in the field of spreadsheets for first-year bachelor's students of Toraighyrov University, taking into account their needs within the discipline "Information and Communication Technologies." The conducted experiment confirmed the effectiveness of introducing non-formal education into the educational process. The results of the study showed that the integration of non-formal education through MOOCs provides students with additional knowledge, closely related to previous ones, to systematize disparate knowledge. The study, for the first time, reveals specific factors affecting the effectiveness of integrating non-formal education into the educational process of higher education institutions, and also substantiates pedagogical and organizational conditions for successful integration. Based on the identified factors, methodological recommendations are proposed for teachers of educational institutions and course developers to effectively prepare them for formal and non-formal education. The assessment of the influence of non-formal education on the passage of training in higher education institutions has shown positive results.
Бұл мақалада жаппай ашық онлайн курстарды (ЖАОК) жүзеге асыратын платформаның моделін құрудың негізгі аспектілері қарастырылады. Авторлар білім беру саласында ЖАОК-ның маңыздылығын атап өтіп, олардың тиімді жүзеге асырылуы үшін қажетті талаптарды талдайды. Зерттеу барысында Coursera, edX, Udacity, Stepik, enbek.kz сияқты платформалар салыстырылып, олардың функционалдығы, интерфейс ыңғайлылығы, мультимедиа мүмкіндіктері және пайдаланушы қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі зерттелген. Мақалада ЖАОК платформасының концептуалды моделін құруға арналған ADDIE моделі қолданылған. ЖАОК платформасының пайдаланушылары ретінде студенттер, оқытушылар және әкімшілердің қажеттіліктері ескеріліп, интерфейс дизайны, оқу материалдарын басқару, бағалау жүйесі, сертификаттау модулі сияқты негізгі функционалдық модульдер сипатталған. Сонымен қатар, платформада аналитикалық құралдарды енгізу, мультимедиа контентін қолдану және адаптивті оқыту жүйесін құру ұсынылады. Авторлар ЖАОК платформасының тиімділігін арттыру үшін пайдаланушы интерфейсінің қарапайымдылығы, мобильді құрылғыларға бейімділігі және деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелерге ерекше назар аударады. Сауалнама нәтижелері пайдаланушылар үшін курстардың әртүрлілігі мен олардың қолжетімділігінің маңыздылығын көрсеткен. Мақалада ұсынылған концептуалды модель ЖАОК платформаларын дамыту үшін берік негіз болып табылады және Қазақстандағы онлайн білім берудің сапасын арттыруға ықпал етеді.
30 December 2024 in Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series
Бұл мақалада Coursera, edX, Udacity, Stepik және Skills enbek платформаларының формалды емес білім беру аясында SWOT-талдауы ұсынылады. MOOC (Massive Open Online Courses) платформалары заманауи білім берудің маңызды құралы болып табылады, өйткені олар көптеген адамдарға өз бетінше білім алу мүмкіндігін береді. Зерттеу барысында әрбір платформаның мықты және әлсіз жақтары, сонымен қатар олардың ұсынатын мүмкіндіктері мен кезігетін қауіптері жан-жақты талданды. Coursera және edX сияқты жаһандық платформалар жоғары сапалы, халықаралық деңгейдегі курстарды ұсынады, ал Stepik пен Skills enbek платформалары аймақтық аудиторияға және жергілікті тілдерді қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, Udacity платформаcы техникалық мамандарды даярлауда және практикалық дағдыларды дамытуда ерекше орын алады. SWOT-талдау барысында әрбір платформаның формалды емес білім беру саласына тигізетін әсері анықталып, олардың осы саладағы рөлі айқындалды. Зерттеу нәтижелері платформалардың формалды емес білім беру жүйесіндегі қолжетімділігін, мазмұнның сапасын және оларды одан әрі дамыту перспективаларын көрсетті. Сонымен қатар, мақалада MOOC платформаларын формалды емес оқытуда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері де қарастырылған, бұл олардың білім беру процесіндегі рөлін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу білім беру саласындағы цифрлық технологияларды дамытуға үлес қосып, формалды емес білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Кілтті сөздер: формалды емес білім, жаппай ашық курс, онлайн білім беру, Coursera, edX, Udacity, Stepik, Skills enbek.
28 March 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series
Бұл мақалада елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ете алатын бейресми білім беруді қалыптастыру мәселелері қарастырылған, өйткені олар адамның біліктілігін арттыру және жаңа білім мен технологияларды игерудегі білім беру қажеттіліктерін «Бейресми оқытуды дамытудың және қолжетімді білім берудің тиімді құралы ретінде жаппай ашық онлайн курстар платформасын әзірлеу әдістемесі» гранттық жобасының тақырыбы негізінде жүзеге асыруға жағдай жасайды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында бейресми білім беруді енгізу мәселелерін зерттеу жаппай ашық курстарды қолдану арқылы жүргізіледі. Ғылыми жұмыста жаппай ашық онлайн курстарды пайдалану мысалында Қазақстанның жоғары оқу орындарында бейресми білім берудің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған эмпирикалық зерттеу ұсынылған. Авторлар оқу үдерісіндегі жаппай ашық онлайн курстарды қабылдау мен қолдану туралы мәліметтерді жинау үшін сауалнама әдісін пайдаланады. Алынған нәтижелерді талдау жаппай ашық онлайн курстарды білім беру ортасына интеграциялаудың оң жақтарын да, бар проблемаларды да анықтауға мүмкіндік береді. Авторлар бейресми білім берудің тиімділігін арттыруға және курсқа қатысушылардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу үдерісінде жаппай ашық онлайн курстарды пайдалануды оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстарды ұсынады. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда бейресми білім беруді дамыту стратегияларын әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін. Кілтті сөздер: бейресми білім, онлайн оқыту, ашық білім, жаппай курстар, курстар платформалары, оқытушылар құрамы, Қазақстан университеттері.