Бұл мақала Қазақстан жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін интермодальды тасымалдаудың тұрақтылығын айқындайтын факторларды жүйелі талдайды. Жұмыста үшөлшемді тұжырымдамалық негіз ұсынылады (экономикалық, операциялық және сыртқы – геосаяси/экологиялық), ал бағалау индикаторлары уақтылық, зақымдану үлесі, жалпы құн (USD/т), бос қайту үлесі, кешігу жиілігі, көміртек ізі (CO₂, кг/т) және интегралды тәуекел деңгейі (1–5) ретінде бекітіледі. Географиялық ерекшелік (теңізге тікелей шығудың жоқтығы, ұзын маршруттар, климат), маршрут күрделілігі, модальдық комбинациялар, цифрлық шешімдер (Astana-1, CIM/SMGS, KTZ Express, IoT/AI/WMS), нормативтік-құқықтық орта (TIR, COTIF/OTIF, ЕАЭО) және операциялық «тар орындар» (вагон/контейнер тапшылығы, порт/паром өткізу қабілеті, шекаралық рәсімдер, кадр/автоматтандыру, контейнер айналымы) кешенді түрде қарастырылады. Кейстер (KTZ Express – Xi’an Dry Port; DHL Rail Connected; Astana Agro – Үндістан; «Транско» – Ауғанстан; KTZ Express – Түркия, LCL) салыстырмалы талданады; халықаралық бенчмарк (Германия, Қытай, Финляндия, Польша, Сингапур) негізінде саясат және менеджментке арналған KPI панелі мен жол картасы ұсынылады. Талдау интермодальды тұрақтылықтың инфрақұрылымнан бөлек құқықтық-институционалдық және цифрлық интероперабельдікке тәуелді екенін дәлелдейді. Дайындалған индикаторлар мен KPI панелі нақты мониторинг жүргізуге бейімделген. 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы тұрақтылық профилін өлшенетін деңгейде жетілдіруге жағдай жасайды. Кілтті сөздер: интермодальды тасымал; агрологистика; тұрақтылық; цифрлық құжат айналымы; CIM/SMGS; TIR; Орта дәліз; контейнер банкі.