Кіріспе. Мектеп оқушыларының тиісті гигиеналық білімдері мен дағдылары балалар арасында жұқпалы аурулардың деңгейін төмендету үшін өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, балалар ересектермен салыстырғанда қауіп факторларына осал, осы осалдыққа байланысты мектептерде тиісті сумен жабдықтау, санитария және гигиена қызметтерінің болуы ерекше маңызға ие. Мектеп ортасындағы су, санитария және гигиена қызметтерінің жеткіліксіздігі денсаулық сақтау және білім беру нәтижелеріне тікелей немесе жанама әсер етеді. Мектептер су, санитария және гигиенаға қатысты білім мен өмірлік дағдыларды үйретуде маңызды рөл атқарады. Алайда, көптеген зерттеулер көрсеткендей, мектептерінде гигиена және гигиеналық құралдарды ұстау бойынша оқу материалдарының болуы және қол жетімділігі, балалардың бейімділік факторларымен, гигиеналық құралдарды пайдалану мен қызмет көрсетуге деген білімі мен көзқарасымен байланысты болды. Себебі балаларға мектеп бағдарламасында өмірлік дағдыларды үйретуге күшейту мен көзқарас жетіспеген. Сондықтан осы жұмыста жалпы орта білім беру мекемелері жағдайында оқушылардың гигиеналық мәдениетін зерттеуге арналған әдебиеттерге шолу жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сонымен қатар олардың гигиеналық дағдыларын қалыптастыру саласындағы жалпы орта білім беру мекемелері қызметінің халықаралық және отандық тәжірибелеріне талдау жүргізу. Іздеу стратегиясы: Әдебиеттерге шолуды жүргізу үшін UpToDate, BMJ, PubMed, Scopus, Wiley, Medline, Web of science, Cyberleninka, Google Scholar сияқты бірқатар дерекқорларда мұқият дереккөзді іздеу жүргізілді. Зерттеу 2017-2023 жылдар аралығында ағылшын тілінде жарияланған жарияланымдары мен Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы жыл сайынғы статистикалық жинақтарын қамтыды. Нәтижелер мен қорытынды. Біз жүргізген әдебиеттік шолу барысында, мектеп оқушыларының әр түрлі араласудың жиынтығының нәтижесінде: жалпы орта білім беру мекемелер, оқу бағдарламалар, ата-ана, қоршаған орта, әлеуметтік жағдай, гигиеналық құралдардың болуы және тағы басқа факторлардың әсері дұрыс гигиеналық дағыларын қалыптастыру үшін маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздік. Осылайша, жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, гигиеналық білімді, оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен мінез-құлықты өлшеу, денсаулықты нығайту саласындағы ұсынымдар, оқу бағдарламалары мен факультативтік курстардың материалдары өз кезегінде білімді жақсартуға, қате түсініктерді түзетуге, дұрыс көзқарасты қалыптастыруға және мінез-құлықты нығайтуға, сондай-ақ паразиттік немесе жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеудің бастамасы болып табылады. Introduction. Appropriate hygiene knowledge and skills of schoolchildren are crucial for reducing the incidence of infectious diseases among children. According to the World Health Organization, children are more vulnerable to risk factors than adults, and because of this vulnerability, the availability of appropriate water, sanitation and hygiene services in schools is of particular importance. Inadequate water, sanitation and hygiene services in the school environment directly or indirectly affect health and education outcomes. Schools play an important role in teaching knowledge and life skills related to water, sanitation and hygiene. However, numerous studies have shown that the availability and accessibility of educational materials on hygiene and the maintenance of hygiene products in their schools were associated with predisposing factors in children,...