Абзал Өмірбай

Абзал Өмірбай

Auto-generated profile, based on publicly available information

Абзал Өмірбай


Research Focus & Metrics

Academic Career Length

3Years (2024-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
30 September 2026 in Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series
Verified
Journal Article
Closed access
BAB. Sh. Abdilkhakim
B. Sh. Abdilkhakim
SSS. E. Shakirov
S. E. Shakirov
AOA. S. Omirbay
A. S. Omirbay
Beyond its geopolitical dimension, the return to power of the Taliban movement (hereafter, T) in Afghanistan in 2021 raises a properly philosophical question: who possesses the authority to define authentic Islamic governance, and on what grounds can such authority claim religious legitimacy? This had a significant impact not only on the country’s domestic political situation, but also on the international security architecture. Although T promised the international community that they would not allow the territory of Afghanistan to become a base for terrorist organizations, subsequent events have shown that transnational jihadist groups remain active in the country. The article analyzes the activities of foreign extremist organizations operating in Afghanistan under the T regime and their mutual religious and ideological conflicts, approaching them through the conceptual lens of political theology and the philosophy of religion. The objects of the study were organizations such as Organization A (hereafter, A), the Islamic State of Khorasan, Tehrik-i Taliban Pakistan, Jamaat Ansarullah, the Islamic Movement of Uzbekistan, the Islamic Jihad Union, and Khatiba Imam al-Bukhari. The purpose of the study is to determine the nature of the relations of these organizations with T and with each other, the differences in their ideological and hermeneutical positions on religious legitimacy, and the impact of these conflicts on regional security. The results of the study showed that not all extremist groups in Afghanistan serve a common goal, and there are deep contradictions among them in terms of power, sphere of influence, religious understanding and strategic orientation – contradictions that, at bottom, reflect competing claims to the same contested category of religious authority. The article also examines the threats posed by transnational extremist organizations in Afghanistan to the states of Central Asia and analyzes the trend of increasing their ideological and military activity directed at the countries of the region, arguing that religious legitimacy in radical Islamism is not a fixed doctrinal given but a socially and politically constructed claim. Keywords: Philosophical analysis, religious conflict, political theology, religious legitimacy, philosophy of religion, hermeneutics of violence, Central Asia.

8 June 2024 in BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. HISTORICAL SCIENCES. PHILOSOPHY. RELIGION Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
АӨАбзал Өмірбай
Абзал Өмірбай
Мақалада Өзбекстан Республикасы Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалалары мен Қазақстанның Маңғыстау өңіріндегі әулиелерді жергілікті халықтың қабылдауы мен зиярат ету әрекеттері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Зерттеу барысында әулие түсінігінің түркілер даласына алғаш келуі мен жергілікті халықтың оны қабылдауы, XX ғасырдың бас кезіндегі Кеңес үкіметінің саяси әрекеттерінің сакралды түсінігіне ықпалы, тәуелсіздік жылдарынан бастап Қазақстанның аталған құндылықты қайта қалпына келтіру және жаңғырту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары сарапталды. Әулиелер арасындағы сабақтастықтың өңірлер арасындағы шалғайлыққа, уақыт арасындағы ұзақтыққа қарамастан жүзеге асу негіздері отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері негізінде зерттелді. Нақтырақ айтқанда, әулиелер арасындағы сабақтастыққа негіз болған көне медреселер назарға алынды. Халық жадында әулие деп сақталған тарихи тұлғаларға зиярат етушілердің трансформацияланған түсініктерінің өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылып, әулиелі жерлердің туризм ошағы немесе қаржы табу мекеніне айналу мәселелер зерттелді.

8 December 2024 in BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. HISTORICAL SCIENCES. PHILOSOPHY. RELIGION Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
АӨАбзал Өмірбай
Абзал Өмірбай
РИРаушан Иманжүсіп
Раушан Иманжүсіп
Бұл мақалада әулие ұғымының қазақ даласына келуі мен жаңа түсініктің жергілікті халықтың болмысына ықпалы қарастырылады. Ұзақ уақыт бойы көшпелі түркілер дүниетанымына сіңген ислам қағидаларының саяси әрекеттер негізінде санадан өшірілуінің көрінісі ретінде бүгінгі қоғам өкілдерінің әулиелер жөніндегі танымы мен түсінігінің төмендеуінің себептері зерделенеді. Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта жоғалтқан білімді қайта қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан әрекеттер назарға алынады. Атап айтқанда, Құран Кәрімді аудару жұмыстары нәтижесінде туындаған мәтіндік айырмашылықтардың жаңа діни бағыттар мен ұстанымдардың туындауына септік болу ықтималдылығы сараланады. Мақалада Түркістан өңірінің әулиелеріне қатысты материалдар талданып, жинақталған мәліметтерге шолу жасалады. Әулиелердің арасындағы сабақтастықты зерттей келе, олардың ғұмыр кешкен және қызмет атқарған мекендерінің киелі жерлерге айналуының себептері зерделенеді. Олардың арасындағы рухани сабақтастық шежірелік деректер негізінде зерттеледі. Зерттеу барысында алынған мәліметтерге сүйене отырып, әулиелердің алғашқы топтары қожалар – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ұрпақтары болғандығы, кейінірек жергілікті тұрғындар арасынанда әулиелер шыққандығы белгілі болды. Зерттеу барысында жинақталған деректерді негізге ала отырып, әулиелік қасиеттің қожалар тұқымынан жергілікті халық тумаларына сабақтасуының себептері жөнінде ғылыми болжам жасалады.

30 December 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series
Verified
Journal Article
Closed access
АӨА. С. Өмірбай
А. С. Өмірбай
ТЕТ. Еркінұлы
Т. Еркінұлы
Қазақстандық қоғамның рухани болмысы ұлттың өзінің тарихи қайнарларын іздеуінен және тарихи субъектілігін дәлелдеумен байланысты орын алады. Сондықтан кез келген ұлттың тарихи зердесі қаншалықты жойылып, өзінің маңызынан айырылғанымен, оның өз болмысына оралуы, бөгденің санасымен сыналуы орын алады. Сондықтан мақалада Бекасыл Биболатұлының тарихи мұрасы мәдениет философиясының әдіснамалық призмасы арқылы зерттелді. Бекасыл Биболатұлы Өңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген халықтар үшін діни және мистикалық қабілетке ие, сакральды тұлғалардың бірі. Себебі Бекасыл Биболатұлының тұлғалық сана-сезімі қазақ елінің патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды отарлау саясатымен тұспа-түс келуімен қатар, оның қоғамдық болмысына, рухани кеңістігіне уақыт иірімдері арқылы төнген экзистенциялдық қауіптерге жауап ретінде қалыптасқан. Сондықтан мақалада Бекасыл Биболатұлының (1822–1915) тұлғалық пішімделуіне, рухани болысына қатысты қабілеттерінің қалыптасуына Сайрам, Қарнақ, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Дамаск қалаларындағы медреселерден алған білімінің ықпалы мен маңызы сараланады. Сонымен қатар, Бекасыл Биболатұлының білім алған көне медреселердің жүйесі бойынша жасалған визуалды карта алғаш рет баспаға ұсынылып, сол карта негізінде медреселердің мәні мен маңызы қарастырылады. Визуалды карта негізінде Қазақстан аумағында орналасқан Испиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Қарнақ қалалары жөнінде сақталған деректер сол кезеңдерде өмір сүрген ойшылдар мен қоғам қайраткерлерінің ғұмырымен сабақтастырылады. Аталған визуалды картаның негізінде Бекасыл Биболатұлының ғылыми жолының сатылық жоғарылау құрылымы жүйеленді. Бекасыл Биболатұлының даналық қабілетінің қалыптасу себептерін айқындау мақсатымен жүргізілген далалық зерттеулер нәтижесінде жинақталған деректер көне қалалар жөнінде зерттеулер жүргізген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерімен сабақтастырылады. Сонымен қатар, Испиджаб, Яссы, Қарнақ қалаларының қазіргі таңдағы зерттелу деңгейі мен өз заманындағы уақыт рухы зерделенетін болады. Мақалада аталған көне қалалардың географиялық орналасуы мен саяси басымдықтары, ондағы білім, дін ошақтарының қалыптасу мәселелері зерттеледі. Зерттеуші ғалымдардың еңбектері негізінде Ахмет Яссауидің Испиджабтан Яссы қаласына қоныс аударуы салдары мен себептерін анықталды. А. Хабибуллаевтың Қарнақ елдімекені жөніндегі деректері негізінде Қозы Ишанның қалыптастырған медресесі негізге алынды. Көне қалалардың қазіргі уақыттағы зерттелуі деңгейі мен зерттеушілердің назарынан тыс қалған тұстары сараланып, аталған мәселелердің отандық ғылым үшін маңызы зерделенеді.