Э.н. Капсалямова

Э.н. Капсалямова

Auto-generated profile, based on publicly available information

Э.н. Капсалямова

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

2Years (2025-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
23 June 2025 in Vestnik
Verified
Journal Article
Closed access
АҒА.а. Ғазизова
А.а. Ғазизова
УДУ.м. Датхаев
У.м. Датхаев
ААА.ш. Амирханова
А.ш. Амирханова
GUGulbaram Ustenova
Gulbaram Ustenova
ЭКЭ.н. Капсалямова
Э.н. Капсалямова
Ainash Kairatovna BaidullayevaAinash Kairatovna Baidullayeva
Ainash Kairatovna Baidullayeva
Кіріспе. Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) – антисептикалық, қабынуға қарсы және спазмолитикалық қасиеттерімен танымал жалбыз (Mentha L.) тұқымдасының өкілі. Бұл өсімдіктің фармакологиялық белсенділігі биологиялық белсенді қосылыстардың, соның ішінде монотерпендер (ментол, ментон, пулегон), сесквитерпендер (β-кариофиллен) және флавоноидтардың жоғары құрамымен байланысты, олар ағзадағы физиологиялық процестерге кешенді әсер етеді. Фармакологиялық қасиеттерінің оң әсеріне қарамастан, кейбір зерттеулер фенолдық қосылыстар мен терпеноидтар ұзақ уақыт қолданғанда немесе жоғары дозаларда нефро- және гепатоуыттылық тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. Жануарларға жүргізілген тәжірибелер жоғары концентрациядағы азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) экстракттары бауыр, бүйрек және асқазан тіндерінде дистрофиялық өзгерістер мен некрозға әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Ұзақ уақыт жоғары дозада қолданғанда бауыр жасушаларының митохондриялық белсенділігінде өзгерістер байқалды, бұл ішкі органдардыңзақымдануына алып келеді. Мақсаты. Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) экстрактының қауіпсіздігін, өткір және созылмалы уыттылығын бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу салмақтары 20-30 г, жасы 8-10 апталық, аталық (♂) ақ түсті альбинос тышқандарға жүргізілді. Жануарлар стандартты виварий жағдайында ұсталып, зерттеу басталғанға дейін 10 күндік карантиннен өтті. Экстракт 14 күн бойы зонд арқылы пероральды жолмен енгізілді. Тәжірибе аяқталғаннан кейін жануарлар декапитация әдісімен өлтірілді, содан кейін бауыр, бүйрек және асқазан тіндерінің морфологиялық және гистологиялық зерттеулері гистологиялық жалпы қабылданған принциптерге сәйкес гематоксилин-эозин бояуымен жүргізілді. Нәтижелер. Бақылау тобының ағзалар құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. 500 мг/кг дозасын алған топта бүйрек стромасының ісінуі және асқазан бездері эпителийінің паренхиматозды дистрофиясы анықталды. 2000 мг/кг дозасында бауырда некроз ошақтары, бүйрек өзекшелері эпителийінің тегістелуі, сондай-ақ асқазан тіндерінің ісінуі байқалды. 5000 мг/кг дозасында бауырда кең көлемді некроз, асқазанның шырышты қабатының бұзылуы және бүйректерде айқын дистрофиялық өзгерістер анықталды. Қорытынды. Алынған деректер азиялық жалбыз экстрактының уыттылығының дозаға тәуелді сипатын растайды. Доза артқан сайын ағзалардағы морфологиялық өзгерістер зақымданудың айқын (гепато және нефроуыттылығын) белгілерін көрсетеді. Введение. Азиатская мята (Mentha asiatica Boriss.) -представитель рода мята (Mentha L.), известный своими антисептическими, противовоспалительными и спазмолитическими свойствами. Фармакологическая активность этого растения связана с высоким содержанием биологически активных соединений, включая монотерпены (ментол, ментон, пулегон), сесквитерпены (β-кариофиллен) и флавоноиды, которые оказывают комплексное влияние на физиологические процессы в организме. Несмотря на положительное воздействие фармакологических свойств, некоторые исследования показывают, что фенольные соединения и терпеноиды могут вызывать нефро- и гепатотоксичность при длительном применении или высоких дозах. Эксперименты на животных показали, что экстракты азиатской мяты (Mentha asiatica Boriss.) в высоких концентрациях могут приводить к дистрофическим изменениям и некрозу тканей печени, почек и желудка....