А.а. Керимбекова

А.а. Керимбекова

Auto-generated profile, based on publicly available information

А.а. Керимбекова

Авимед көпсалалы колледжі Қазақстан Республикасы, Шымкент қ

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

2Years (2025-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
30 December 2025 in Bulletin of Zhetysu University named after I.Zhansugurov
Verified
Journal Article
Closed access
ҚИҚ.ә. Ибрагим
Қ.ә. Ибрагим
АКА.а. Керимбекова
А.а. Керимбекова
ГАГ.а. Айткулова
Г.а. Айткулова
Зерттеудің мақсаты – медициналық колледж студенттерінің эмоционалдық тұрақтылығын, өзін-өзі реттеуін және оқу мотивациясын арттыруда арт-терапиялық тәсілдердің тиімділігін анықтау және эмпирикалық тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу идеясы арт-терапияны білім беру ортасында эмоционалдық қолдау, тұлғалық даму және шығармашылық өзін-өзі білдіру құралы ретінде қолдануға негізделеді. Мақалада арт-терапияның теориялық негіздері, оның білім беру процесіндегі психологиялық-педагогикалық әлеуеті және студенттердің эмоционалдық саулығын нығайтудағы рөлі қарастырылады. Ғылыми маңыздылығы – арт-терапияның студенттердің эмоционалдық тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпалын теориялық тұрғыда негіздеу және арт-терапиялық тәсілдердің тиімді механизмдерін анықтау. Практикалық маңыздылығы – медициналық колледж жағдайында арт-терапиялық әдістерді қолданудың нақты жолдарын ұсыну, студенттердің оқу мотивациясын, қарым-қатынас мәдениетін және психологиялық саулығын арттыруға арналған тиімді құралдарды көрсету. Зерттеу барысында суреттерапия, музыкатерапия, драматерапия және ертегітерапия секілді арт-терапиялық тәсілдер қолданылды. Эмпирикалық деректер жинауда диагностикалық әдістемелер, бақылау, салыстырмалы талдау және педагогикалық эксперимент әдісі пайдаланылды. Алынған нәтижелер сандық және сапалық тәсілдер арқылы талданды. Эксперимент нәтижелері студенттердің эмоционалдық тұрақтылығының, өзін-өзі реттеу дағдыларының, эмпатия деңгейінің және оқу мотивациясының айтарлықтай артқанын көрсетті. Эмоциялық шиеленіс деңгейі төмендеп, топтық өзара әрекет, қарым-қатынас мәдениеті мен әлеуметтік бейімделу көрсеткіштері жақсарды. Төмен эмоционалдық тұрақтылық үлесі қысқарып, жоғары деңгейдің өсуі байқалды. Зерттеу арт-терапиялық тәсілдердің студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсер ететінін дәлелдеді. Зерттеу арт-терапияның білім беру үдерісін гуманизациялаудың, студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайтудың және олардың шығармашылық әлеуетін ашудың пәрменді құралы екенін көрсетті. Арт-терапия эмоциялық шиеленісті азайтып, өзін-өзі білдіру, эмпатия, топтық өзара әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер арт-терапияны медициналық колледждерде қолдау құралдары жүйесіне енгізудің өзектілігін және тиімділігін негіздейді. Цель исследования заключается в эмпирическом подтверждении эффективности арт- терапевтических подходов в повышении эмоциональной устойчивости, самооценки, саморегуляции и учебной мотивации студентов медицинского колледжа. Основная идея исследования — рассмотреть арт-терапию как действенный психологический и педагогический инструмент, способствующий гармоничному развитию личности студента, укреплению его эмоционального благополучия и формированию навыков конструктивного взаимодействия. Исследование охватывает теоретические основы арт-терапии и анализирует её психологико-педагогический потенциал в образовательной среде.Научная значимость исследования заключается в уточнении механизмов влияния арт-терапии на эмоциональное состояние и социальную адаптацию студентов, а также в расширении теоретических представлений о её роли в системе профессионального образования. Практическая значимость — в разработке эффективных арт-...