30 June 2023 in Al-Farabi
AUAl-Farabi Kazakh National University
Al-Farabi Kazakh National University
The article provides a historical and philosophical analysis of the phenomenon of justice on the example of the views of representatives of Kazakh philosophy. The choice of the period is not accidental - the middle of the XIX century and the beginning of the XX century, when the comprehensive influence of the Russian government on the life, culture, poetry of the Kazakh people began. The purpose of the scientific work is to consider the features of the development of philosophical ideas of justice and freedom in the work of the Kazakh thinker Mashkhur Zhusup Kopeev, who occupies a worthy place not only in the history of literature, but also in the history of Kazakh philosophical thought at the turn of the XIX - XX centuries. This scientific study complements Kazakh philosophy with new conclusions from the point of view of the existing theory, focuses on such philosophical phenomena as «justice», «freedom» and «faith». The scientific and practical significance of the research is determined by the fact that it is of great interest to scientists and researchers specializing in the field of Kazakh philosophy, and also meets the current social needs and trends of modern Kazakh society.
15 March 2022 in Al-Farabi
The article discusses the philosophical heritage of Abay, in whose ethical teaching Kazakh philosophy reaches its most mature stage. It is noted that the thinker was able to embody in his creations the thoughts and aspirations of the Kazakhs, their concepts of being, morality and ethics. All the work of the Kazakh philosopher is full of deep reflections on a whole, universal, harmonious and moral person, and his main goal was to teach what to do and what not to do in order to become a Person, to acquaint people with the true essence of good and evil. Abay is one of those philosophers and poets who form a person’s soul, the soul of the Kazakh people, and therefore, their national identity,the formation of which proceeded in the conditions of nomadic lifestyle accompanied by interactions with other cultures. He tries to reveal a unique character of the Kazakhs’ world, i.e. their cultural code. Abay's philosophical views, permeated with the ideas of moral improvement, kindness, mercy, justice, and tolerance, perform as the basis of the Kazakh national worldview, which forms the Kazakhs’ cultural code.
28 June 2024 in Al-Farabi
В современной политической теории представлен ряд типологий социально-политических систем. Линии водораздела между ними можно проводить по разным основаниям. Наиболее принципиальным из них является различие позиций относительно аксиологических и процедурных основ демократии. Приверженцы точки зрения, восходящей к платоновско-аристотелевскому пониманию, защищают положение, согласно которому при любой форме демократии её властно-правовые институты должны быть направлены на достижение общего блага и согласовываться с определёнными ценностными постулатами и моральными нормами. Сторонники второй точки зрения отстаивают приоритет специально выработанных демократических процедур для достижения общественного согласия при сохранении противоречий между различными личностными и групповыми интересами. В статье предпринимается попытка раскрыть диалектику соотношения аксиологических и процедурно-институциональных основ демократии.
24 October 2026 in Al-Farabi
Мақаланың мақсаты – қазақ философиясындағы исламдық экотеологияның негіздерін анықтау. Авторлар экологиялық дағдарысты техникалық немесе экономикалық мәселе ғана емес, адамның табиғатқа, өз болмысына және Жаратушыға қатынасын айқындайтын дүниетаным дағдарысы ретінде қарастырады. Зерттеудің теориялық негізін исламдық экотеологияның таухид, халифа, аманат, мизан және аят ұғымдарына құрылған тұжырымдамасы құрайды. Жұмыста герменевтикалық және салыстырмалы-философиялық әдістер, сондай-ақ дәстүрлі мәтіндерді қайта пайымдау тәсілі қолданылды. Аталған тұжырымдама Матуриди ілімімен, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи идеяларымен, Абай Құнанбайұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни-философиялық мұрасымен салыстырылды. Зерттеу нәтижесінде үш тұжырым жасалды. Біріншіден, Матуридидің хикмет, адамның ерікті таңдауы мен жауапкершілігі туралы ілімі экологиялық этиканың кәламдық негізі бола алады. Екіншіден, Абайдың жаратылысты ақылмен тану, махаббат пен әділет және «толық адам» туралы ойлары табиғатты Жаратушының белгісі деп түсінетін экотеологиялық көзқараспен үндес. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жерді келер ұрпаққа аманат ретінде түсінуі және халықтық тыйымдар мен обал, сауап, кие ұғымдары исламдағы аманат пен ысырапқа тыйым салу қағидаларының тарихи тәжірибе мен тұрмыстағы көрінісі болып табылады. Зерттеудің жаңалығы – қазақ философиясының исламдық экотеологияныңәлі жеткілікті зерттелмеген өңірлік дереккөзі ретінде қарастырылуында. Түйін сөздер: қазақ философиясы, исламдық экотеология, экологиялық этика, Матуриди ілімі, түркі-қазақ философиялық дәстүрі.
27 March 2024 in Al-Farabi
Мақалада ортағасырлық ойшылдар әл-Фараби мен әл-Ғазалидің философиялық көзқарастарындағы адамның іс-әрекеттілігінің қоғамдық мазмұны, тұлғаның кемелділігі, ислам дінінің этикалық құндылықтары негізіндегі адамның рухани дүниетанымы, уақытты бағалауы пайымдалды. Адамның өз болмысын тануындағы әл-Фараби ұсынған ақыл іс-әрекеттілігі, білім арқылы ақиқатты тануы, әл-Ғазалидің Жаратушы сырын мистикалық тану әдістері арқылы адамның өзінің және қоршаған әлемнің ақиқатын тануы қарастырылды. Мақаланың мазмұнын ақылдың іс-әрекеттілігі және ойлау формалары, адамның діни антропологиялық сипаттары, қоғамның түрлері және оны басқарудағы қажеттіліктер, діни контекст пен іскерлікке қатысты мәдениет ұғымдары құрайды. Ойшылдардың шығармаш ылығындағы тұлға кемелділігін анықтаудың әдістеріне назар аударылды. Атап айтқанда, әл-Фарабидің қайырымды қаласындығы өнер, кемел басшы концеп-циясы, әл-Ғазали ұсынған қоғамды басқаруға тән қажеттіліктер, хәкім Абайдың толық адам концепциясы салыстырмалы талдаулар арқылы берілді.
27 March 2025 in Al-Farabi
Мақалада түркі ойшылдарының адам мәселесіне қатысты идеяларының сабақтастығы мен өзара үндестігі жан-жақты талданады. Жал-пы философия тарихында аса маңызды тақырыптардың бірі – адам және оның құндылықтары, рухани болмысы мен әлемге деген көзқарасы болып табыла-ды. Бұл сұрақтар түркі философиялық дәстүрінде де айрықша орын алған. Қорқыттан бастап Мұхаммед Хайдар Дулатиге дейінгі ойшылдар адамзат болмысының мәнін, өмірдің мағынасын, әділет пен ізгіліктің рөлін өздерінің рухани ізденістерінің өзегі етіп қарастырған. Қорқыт философиясы – адам өмірінің өткіншілігі мен мәңгілігі, шындық пен жалғандық, болмыс пен бейболмыс ұғымдарын тереңінен зерделеген даналық үлгісі. Ол этикалық және антропологиялық мәселелермен қатар, дүние болмысының онтологиялық және метафизикалық сырын ұғынуға ұмтылған. Әл-Фараби адам өмірінің мәнін уақыт шектеулерінен асып, кемелдікке және шынайы бақытқа жету деп түсіндірген. Ойшыл қоғамды тірі организмге теңеп, адам ағзасындағы әр мүше өзара үйлесімді жұмыс істегенде ғана оның дұрыс қызмет атқаратыны сияқты, қоғам мүшелері де бір-біріне қолдау көрсеткен жағдайда ғана ізгілікті қоғам құруға болатынын тұжырымдайды. Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи және Мұхаммед Хайдар Дулати сынды ойшылдардың шығармаларында да адам мәселесі әл-Фарабидің философиялық тұжырымдарымен үндес келеді. Бұл тұлғалардың еңбектерінде адамгершілік, рухани кемелдену, әділеттілік және білімнің маңызы айрықша аталып, адамның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі жан-жақты талданады. Ортағасырлық түркі философиясы адамзаттық құндылықтарды, рухани жетілуді және әділетті қоғам құру идеяларын негізге ала отырып, қазіргі заман үшін де өзекті болып қала беретін терең ойларды ұсынады. Бұл еңбектерді зерттеу түркі өркениетінің зияткерлік мұрасын түсінуге ғана емес, сондай-ақ жаһандық философиялық ойдың дамуындағы ортақ заңдылықтарды анықтауға да мүмкіндік береді.