Мақалада қоғам дамуының нақты бір кезеңінде (1991-2020 жж.) қазақ әдеби тілінде пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы үдерістеріне жаңа сөздердің коммуникативті тілдік кеңістікте таралуына қарай кешенді талдау жүргізілді. Мақала авторлары неологизмдердің кодификациясы туралы түсінікті Қазақстандағы тіл саясатының тұжырымдамалары негізінде қарастырады. Осы уақыт аралығында тілдің дамуына саналы түрде араласуды жүзеге асырудың практикасы контексінде талдауға алғаш рет ұмтылыстар жасалды. Авторлар жаңа сөздердің кодификациясы атты ұғымға ғылыми анықтама береді, әрі оны тіл саясатының негізі ретінде сипаттайды. Интернеттің дамуы және әлемдік ақпараттың толассыз енуі, әсіресе, соңғы ширек ғасыр көлемінде ерекше орын алды. Осы уақыт аралығында пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерін ғылыми-практикалық тұрғыдан жүйелеу, қорыту және негіздеу – Қазақстандағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі екені сөзсіз. Тілдің лексикалық қорын жетілдіруге, жаңа тілдік бірліктерді бірізділендіру мен қалыптандыруға, қазақ тілінің ұлттық корпусын табысты түрде қалыптастыруға нақты үлес қосады, сондай-ақ білім алушылардың жаңа сөздерді меңгеруінің әдіснамалық негіздерін айқындау және бейіндік мектептер үшін әдістемелік жүйені әзірлеу қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауға, қазақ тілінің қажеттілігін арттыруға ықпал етеді. Түйін сөздер: қазіргі қазақ тілі, неологизмдер, лексикалық қор, қалыптану, тіл саясаты, қазақ неологиясы және неографиясы. В статье проведен комплексный анализ процессов кодификации и нормализации новых слов, появившихся в казахском литературном языке в определенный период развития общества (1991- 2020 гг.) в соответствии с распространением их в коммуникативно-языковом пространстве. Авторами была предпринята попытка рассмотреть понятия кодификации лексических инноваций в контексте концепций языковой политики и практики осуществления сознательного вмешательства в языковое развитие в Казахстане. Было установлено, что кодификация новых слов означает этапы процессов и их результаты. По мнению авторов данной статьи, научнопрактическая систематизация и обоснование процессов кодификации и нормализации новых слов, появившихся за последние четверть века, внесут определенный вклад в реализацию приоритетных направлений языковой политики Казахстана – усовершенствование лексического фонда казахского языка; унификацию и кодификацию новых лексических единиц; в успешное формирование национального корпуса казахского языка. Особенно этот вопрос актуален в эпоху глобализации и тесно связан с развитием интернета и новых технологий. Определение методологических основ усвоения учащимися новых слов и выработка методической системы для профильных школ будут способствовать совершенствованию и стандартизации методологии обучения государственному языку; повышению востребованности государственного языка. Ключевые слова: cовременный казахский язык, неологизмы, лексический фон, кодификация, языковая политика, казахская неология и неография. The article provides a comprehensive analysis of the processes of formation and standardization of new words in the Kazakh literary language at a certain stage of development of society (1991-2020). As the spread of new words in the communicative language space. The authors of the article consider the concept of codification of neologisms based on the...