Мақалада сәбіз және алма езбесін әртүрлі мөлшерде біріктіріп қолданудың конфет тұрқыларының сапасына әсері зерттелген. Конфет тұрқыларының технологиясын жасау барысында пісірілген сәбіз және алма езбесі қолданылды. Алма езбесі сәбіз езбесіне қатысты алғанда 30, 20, 15 және 10% мөлшерінде қосылды. Зерттеу нәтижесінде, құрамында 30% алма езбесі бар конфет тұрқыларының құрылымы иілімді – беріктеу және сақтау процесіне тұрақтырақ болатындығы анықталды. Осылайша, дайын конфет тұрқыларындағы алма езбесінің 30% мөлшері тиімді проценттік мөлшер екендігі анықталды.
Мақалада ет өнімдерінің микрофлорасы, еттің микроағзалармен ластану жағдайлары және олардың түрлеріне қатысты мәліметтер қарастырылған. Ет және ет өнімдерінің сапасына әсер ететін микроағзаларға сипаттама берілген. Ет микробиологиясы, жануарлар ағзасының микрофлорасы олардың жұғу жолдарына ерекше назар аударылған. Ет шұжықты өнімдерінің технологиясындағы бактериалды препараттары, сонымен қатар B.Longum бактериялды препараты және оны енгізудің технологиялық сызбасы көрсетілген. Pediococcuscerevisiae штаммының ет шұжықты өнімдер өндірісінде қолданылу аясы қарастырылған.