Бұл мақалада темірдің тотығу нәтижесінде пайда болатын тотығу темір қабыршағы (өнеркәсіптік окалина) екі түрлі әдіспен қалпына келтіру процесі қарастырылды.. Зерттеудің басты мақсаты – темір қабыршағының фазалық құрамының, құрылымдық ерекшеліктерінің және термодинамикалық сипаттамаларының темірдің қалпына келу деңгейіне әсерін бағалау. Кептірілген темір қабыршағының негізінен магнетит (Fe₃O₄) фазасынан тұрады, бұл фазаның құрылымы тығыз болғандықтан, қалпына келу процесі баяу жүреді және ішкі диффузиялық шектеулерге байланысты толық металдану қиындайды. Ал алдын ала тотықтырылған қабыршақта гематит (Fe₂O₃) фазасы басым, оның кеуекті құрылымы газдың еркін өтуіне жағдай жасап, қалпына келу жылдамдығын арттырады. Мақалада әр әдістің термодинамикалық реакциялары, аралық фазалар, температуралық тәуелділіктер және шлак түзілу мүмкіндіктері кеңінен талданды. Нәтижесінде, тотықтырылған қабыршақ қолдану арқылы жоғары сапалы темір ұнтағын алу мүмкіндігі жоғары екені дәлелденді. Сонымен қатар, бұл зерттеуде екі әдістің энергия тұтынуы, өңдеу уақыты, өндірістік тиімділігі және экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан салыстырмалы артықшылықтары мен шектеулері де талданды. Бұл әдіс экологиялық қауіпсіздігімен және технологиялық тиімділігімен ерекшеленеді әрі металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеуде перспективалық бағыт ретінде ұсынылады. Кілтті сөздер: темір қабыршағы, кептіру, тотықтандыру, тотықсыздандыру, гематит, магнетит, термодинамика.
28 March 2025 in Science and Technology of Kazakhstan
Құм-шайыр қалыптарын құю өндірісінде пайдалану өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан белгілі. Мұндай қалып бетінің жоғары тазалығымен және құйманың өлшемдері мен геометриясының жоғары дәлдәгімен құймаларды алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құм-шайырлы қалыптардың ұзақ сақталғыштығы, төмен ылғал тартқыштығы және басқа да бірқатар артықшылықтары бар. Қабықты қалыптарды өндіріске кеңінен енгізуге олардың екі кемшілігі – термореактивті шайырды қыздыру кезінде зиянды шығарындылардың пайда болуы – аммиак, фенол және шайырдың салыстырмалы жоғары құны кедергі болды. Екі кемшілікті де бұрын осы жобаның авторлық ұжымы статикалық қысым қоспасына термиялық әсер етумен бір мезгілде пайдалану кезінде жоды ұсынған болатын. Құм-шайыр қоспаларынан құю қалыптарын пайдалану сапалы құймалар алуды қамтамасыз етеді. Құймаларды дайындау процесінің тиімділігін арттыру құю қалыптарын дайындау технологиясын жетілдіру қажеттілігін туындатады. Осыған байланысты қалыптың қасиеттерін реттеуді және олардың бүкіл көлемі бойынша біркелкілігін қамтамасыз ететін технологиялық процесті жетілдіруге бағытталған зерттеулер өзекті болып табылады. Дайындалатын қабықша қалыбының параметрлерін реттеу дәрежесін арттыру мүмкіндігі бар. Қабықтың қалыптасуы (қатты – сұйық – қатты) ішінде шайырдың агрегаттық жай-күйінің өзгеруін ескере отырып, қысым шамасы өзгерту (яғни қысымның вариативтік шамасын пайдалану) орынды. Кілтті сөздер: құм-шайырлы қалып, пульвербакелит, спирт, вариативті статикалық қысым, шайыр, аммиак.