Assan Amangeldiyev

Assan Amangeldiyev

Auto-generated profile, based on publicly available information

Assan Amangeldiyev

L.N. Gumilyov Eurasian National University

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

7Years (2020-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
27 March 2020 in Journal of Philosophy, Culture and Political Science
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AAA. Amangeldiyev
A. Amangeldiyev
GAG. Aldanazarova
G. Aldanazarova
Pythagoras and his followers wrote works related to abstract numbers in Greek philosophy and theytried to create a philosophy of infinite being on the basis of mathematics. They believed that numberswere created by God and characterized numbers as religious phenomenon and thought that the wholeworld consists of these numbers and their scope. Pythagoras was the author of the word: “Ruler of theworld is numbers. Numbers rule the world”. In the views of Pythagoras, “without numbers, nothing canbe understood or learned. Therefore, numbers carry the root of all developments, and there is nothingwiser than that. That means, these numbers tend to be God. In ancient civilizations, Judaism, Christianityand Islamic philosophy – the philosophy of this Pythagoras was based on an interest in the ontologicalcharacteristics of numbers. Positive integers, called natural numbers, are one of the most amazingdiscoveries of the human brain. The history of mankind amazes with the mystical significance of thenumbers of Pythagoras even today, which has not lost its relevance. This article discusses the relation ofnumbers from 1 to 10 (including 10) and its ontological and metaphysical structure that has been studiedsince the time of Pythagoras with the infinite being.Key words: concept of numbers, Pythagoras, metaphysics of numbers, symbol, infinite being. Пифагор және оның ізбасарлары грек философиясындағы абстрактік сандарға қатыстыеңбектер жазды және олар болмыс философиясын математика негізінде құруға тырысты.Олар сандарды құдайдың жаратқандығына сеніп, сандарға діни сипаттар таңып, барлық әлемосы сандардан және олардың көлемдерінен құралған деп ойлады. «Әлемнің билеушісі сандар.Сандар әлемді басқарып тұр» деген сөздің авторы осы Пифагор болатын. Пифагоршылардыңкөзқарасында «сандарсыз ешбір нәрсе түсініле де, үйреніле де алынбайды. Сондықтан барлықнәрсенің түп-тамыры сандарда жатыр және одан дана ешбір нәрсе жоқ. Яғни, бұл сандарқұдайдың өзі» деген түсінік қалыптасты. Ежелгі өркениеттерде, яһуди, христиан және Исламфилософиясында сандардың онтологиялық сипаттарына бағытталған қызығушылықтыңнегізінде осы Пифагордың философиясы жатыр. Натурал сандар ретінде аталатын оң бүтінсандар адам миының ашқан ең таңқаларлық жаңалықтарының бірі. Адамзат тарихы сандарғаПифагордан бері қарай, тіпті әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған мистикалық бір мағынатаңып келеді. Бұл мақалада Пифагордың заманынан бері қарастырылып келе жатқан 1 мен10 арасындағы сандардың онтологиялық және метафизикалық құрылымының болмыспенбайланысы талқыланатын болады.Түйін сөздер: сан ұғымы, Пифагор, сандар метафизикасы, символ, болмыс. Пифагор и его последователи писали труды относительно абстрактных чисел в греческойфилософии и пытались создать философию бытия на основе математики. Они верили, что числабыли созданы Богом, и думали, что мир состоит из этих чисел и их количества. Пифагор былавтором слова: «Правитель мира – это числа. Числа правят миром». В взглядах Пифагора «безчисел ничего нельзя понять или выучить. Поэтому корень всего сущего в числах, и нет ничегоболее мудрого, чем это. То есть эти числа являются божествами». В древних цивилизациях,иудаизме, христианстве и исламской философии, основанных на интересе к онтологическим характеристикам чисел, лежит философия Пифагора. Положительные целые числа, называемые натуральными числами, являются одним из самых удивительных открытий человеческого мозга.История человечества поражает мистическим значением чисел Пифагора даже сегодня. В этой статье обсуждается связь между числами 1 и 10, онтологической и метафизической структурой, которая изучалась со времен Пифагора.Ключевые слова: понятие чисел, Пифагор, метафизика чисел, символ, бытие.

17 March 2023 in BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. HISTORICAL SCIENCES. PHILOSOPHY. RELIGION Series
Verified
Journal Article
Open access
ШЕШакиров Сымбат Е.
Шакиров Сымбат Е.
AAAmangeldiyev Assan A.
Amangeldiyev Assan A.
Үдемелі өзгеріп отырған әлемдегі заманауи үрдістер шиеленіс әлеуеті бар оқиғаларды өрбітуде. Бұл жалпы адамзаттың одан әрі даму мүмкіндіктерінде, сондай-ақ жекелеген мемлекеттер мен әлеуметтік топтарға елеулі әсер етеді. Әлеуметтік алауыздық, нәсілдік және этникалық төзбеушілік, террор сияқты құбылыстар көп жағдайда қайғылы әлеуметтік және ұлтаралық қақтығыстарға ұласып, бітімгершілік институтын дамыту қажеттілігін өзектендіреді. 2021 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-құқықтық институттардың, атап айтқанда медиацияның мүмкіндіктерін барынша қолдану қажеттігін атап өткен болатын. Келесі маңызды міндет ретінде Мемлекет басшысы «біздің жағдайымызда кәсіби келіссөз жүргізушілердің форматы этномедиация үшін ең тиімді болып табылатынын» атап өтті. Өткен жылдың қаңтар айындағы оқиға бірқатар әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты айқын көрсетті. Мемлекет басшысы өз баяндамасында: «Ел өзгерді, сонымен қатар қазақстандықтардың билікке, экономикалық жүйеге және жалпы өмірге деген көзқарасы да өзгерді. Ал қазір бүкіл қоғамдық құрылымды терең өзгертудің стратегиялық міндеті тұр» – деп айрықша атап өтті. Қазіргі таңда шетелдік және отандық сарапшылардың дискурстарында әлеуметтік қақтығыстардың өршуі арқылы әлемдік даму мәселелері туралы сұрақтар жиі көтеріледі. Осыны негізге ала отырып, нақты реформалар қазіргі қазақстандықтардың қауіпсіздік мүдделерін қанағаттандыруға ықпал етуі тиіс деп санаймыз. Ол үшін Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өмірінде бітімгершілік (медиация) институтын одан әрі қалыптастыру және жүйелеу қажет.

1 December 2021 in Journal of Philosophy, Culture and Political Science
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AAA. Amangeldiyev
A. Amangeldiyev
AKA. Kopbay
A. Kopbay
Arithmetic is the study of numbers, their properties and relationships. Calculations related to the centralization of agriculture and counting had a practical impact on the formation of arithmetic. The first reliable information related to arithmetic was found in the historical monuments of Babylon and Ancient Egypt, dating back to the III-II millennia BC. In the Middle Ages, the sphere of trade and the conduct of approximate calculations were the main branches of the application of arithmetic. Initially, arithmetic developed in India and Muslim countries, and later began to spread in Western Europe. In modern times, marine astronomy, mechanics and complex commercial calculations posed new challenges and requirements, thereby contributing to new rounds in the development of astronomy. The article deals with the issues of comprehending the concept of number and its content in the framework of mathematical discourses of the 19th century. This issue is initially considered in a historical perspective, then the works of such mathematicians and philosophers as Richard Dedekind, Georg Cantor, Giuseppe Peano and the logic Gottlob Frege are analyzed. In the 1870s, the discourse on the foundations of arithmetic was updated. For the approval of mathematics as a consistent and correct science, the importance of determining the meaning of the concept of number, which is considered the basis of arithmetic, is noted. The article discusses questions about the essence and content of the concept of number. Key words: concepts of number, foundations of arithmetic, philosophy of mathematics, Dedekind, Frege, Peano, Cantor. Аннотация: Арифметика – учение о числах, их свойствах и взаимосвязи. Расчеты, связанные с централизацией сельского хозяйства и ведение подсчетов оказали практическое влияние на формирование арифметики. Первые достоверные сведения, связанные с арифметикой были обнаружены в исторических памятниках Вавилона и Древнего Египта, относящиеся к III-II тысячилетиям до н.э. В средние века сфера торговли и ведение примерных подсчетов являлись основными отраслями применения арифметики. Изначально арифметика развивалась в Индии и мусульманских странах, позже стала распространяться в Западной Европе. В Новое время морская астрономия, механика и сложные коммерческие вычисления ставили новые вызовы и требования, тем самым способствуя новом виткам развития астрономии. В статье рассматриваются вопросы осмысмысления понятия числа и его содержания в рамках математических дискурсов ХІХ столетия. Данная проблематика изначально рассматривается в историческом ракурсе, далее анализируются работы таких математиков и философов как Рихард Дедекинд, Георг Кантор, Джузеппе Пеано и логика Готлоб Фреге. 1870 годах актуализируется дискурс об основах арифметики. Для утверждения математики как непротиворечивой, последовательной и верной науки отмечается важность определения значения понятия числа, считающегося основой арифметики. В статье обсуждаются вопросы о сущности и содержании понятия числа. Ключевые слова: понятия числа, основы арифметики, философия математики, Дедекинд, Фреге, Кантор, Пеано. Аннотация: Арифметика – сандар, олардың қасиеттері мен байланыстары туралы ғылым. Арифметиканың пайда болуына ауыл шаруашылығын орталықтандырудағы есеп мәселелерімен байланысты санау мен есептеулердің практикалық қажеттілігі себеп болды. Арифметикалық білім туралы алғашқы сенімді ақпарат б.з.б. III-II мыңжылдықтарға жататын Вавилон мен Ежелгі Египеттің тарихи ескерткіштерінен табылды. Орта ғасырларда арифметиканы қолданудың негізгі салалары сауда және шамамен есептеулер болды. Арифметика ең алдымен Үндістанда және ислам елдерінде дамыды, содан кейін ғана Батыс Еуропаға келді. Жаңа заманның басталуымен теңіз астрономиясы, механика және күрделі коммерциялық есептеулер есептеу техникасына жаңа талаптар қойып, арифметиканың одан әрі дамуына серпін берді. Мақала ХІХ ғасырда математика негізінде талдаулар мен пікірталастардың арифметикалануы жағдайында Сан...

15 September 2023 in BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. HISTORICAL SCIENCES. PHILOSOPHY. RELIGION Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AAAssan A. Amangeldiyev
Assan A. Amangeldiyev
АӘАрайлым Д. Әбдібек
Арайлым Д. Әбдібек
AAArailym D. Abdibek
Arailym D. Abdibek
Жасанды интеллект – кибернетика ғылымы дамуының шыңы деп ұғынуға болады. Қарапайым есептеуіш машиналардан бірден-бір басты ерекшелік жасанды интеллекттің күрделі алгоритмдер нәтижесінде сыртқы ортадан келіп түсетін ақпаратпен жұмыс жасауында және біртекті операцияларды орындаумен қатар, ойлау мүмкіндіктерін талап ететін сұраныстарға жауап бере алуында. Яғни, қарапайым машинаға нақты алгоритмдер жүктеліп, солардың орындалуы талап етілсе, жасанды интеллект өзі жобалау алады. Оның жобалау мүмкіндіктері бүгінгі таңда қоғамның түрлі салаларында, айталық экономика, қаржы сияқты бағыттарда қолданылып келеді. Осы арада философиядағы классикалық мәселелер өзектілігі артады. Яғни, адамзаттың болашағы қандай болмақ? Жасанды интеллект қоғамды алға тартушы күш пе, әлде адамзатқа айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған бастама ма? Мақалада әр түрлі көзқарастар зерделене келе, авторлар тарапынан жасанды интеллекттен бас тарту енді мүмкін болмаса да, оның қолдану аясын этикалық тұрғыда бірнеше рет терең бағамдау қажеттілігіне назар аударылады. Мақалада жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге қатысты философиялық дискурстар зерделенеді. Әдіснамалық, этикалық, эпистемологиялық сипаттағы мәселелер қарастырылды. Жасанды интеллектті жетілдіру, оның заманауи адамзат болмысындағы ролі мен орны, қоғам өміріндегі маңыздылығы сияқты сұрақтар шеңберіндегі зерттеушілердің пайымдары, болжамдары сараланды. Әрине, жасанды интеллект дамуы нәтижесінде өрбитін тәуекелдер назардан тыс қалмайды. Сондықтан, мақаланың негізгі арнасы өзекті дискурстарды талдауға бағытталған. Жасанды интеллект тақырыбына қатысты категориялық аппарат, оның дамуы туралы бірқатар сценарийлер автор тарапынан сарапталды

1 September 2023 in Journal of Philosophy, Culture and Political Science
Verified
Journal Article
Open access
АAА Amangeldiyev
А Amangeldiyev
TMT. Mustafina
T. Mustafina
RKR. Kemerbay
R. Kemerbay
Today, the problem of digitization attracts special attention of science and society. Because its role in the development of social institutions, in the organization of everyday life and in the socialization of an individuals is increasingly evident. Philosophy is also contributing to the vision of digitization, creating a conceptual framework for understanding it, and assessing its social and humanitarian consequences. Due to digitization, social development and changes in the technological field have caused the emergence of a huge flow of information. Modern social philosophy today is experiencing a digital turning point, which is characterized not only by changes in the means of knowledge, but also by the transition of society to a new, digital stage in its development. Understanding the new model of the digital society requires looking at the history of its formation. Even simple use of digital technologies in humanitarian sciences, including philosophy, has not only resulted in methodological and methodical difficulties, but also determining the field of its application has become a serious problem. In the middle of the 20th century, due to the development of computer technology and the emergence of the digital revolution, «digital philosophy» began to form as a new direction of philosophy. The article discusses philosophy and humanities, their place and role in society and culture in the age of digitization. Also, the main definitions of the concept of «digital philosophy» are considered, and the features and methodologies of the research subject are defined. Цифрландыру мәселесі бүгінде ғылым мен қоғамның ерекше назарын аудартып отыр. Өйткені оның әлеуметтік институттарды дамытудағы, күнделікті өмірдегі жағдайларды ұйымдастырудағы және жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі барған сайын айқын көрінеді. Философия да назардан тыс қалмай, цифрландыруды пайымдауға, оны түсінудің тұжырымдамалық негізін жасауға және оның әлеуметтік-гуманитарлық салдарын бағалауға өз үлесін қосуда. Цифрландыруға байланысты қоғамдық даму мен технологиялық салада орын алған өзгерістер орасан зор ақпараттар ағымының туындауына себеп болды. Заманауи әлеуметтік философия бүгінгі таңда цифрлық бетбұрыс кезеңін бастан кешуде, бұл дегеніміз тек таным құралдарының ғана өзгеріске ұшырауы емес, қоғамның өз дамуындағы жаңа, цифрлық кезеңге өтуімен сипатталады. Цифрлық қоғамның жаңа моделін пайымдау оның қалыптасу тарихына үңілуді де қажет етеді. Цифрлық технологияларды гуманитарлық ғылымдарда, оның ішінде, философияда қарапайым қолданудың өзі әдіснамалық және әдістемелік сипаттағы қиындықтарға ұласып қана қоймай, оның қолданылу саласын анықтаудың өзі де күрделі мәселеге айналды. XX ғасырдың ортасында компьютерлік технологияның дамуына және цифрлық революцияның пайда болуына байланысты философияның жаңа бағыты ретінде «цифрлық философия» қалыптаса бастады. Мақалада философия және гуманитарлық ғылымдар, олардың цифрландыру дәуіріндегі қоғам мен мәдениеттегі орны мен рөлі туралы қарастырылады. Сондай-ақ, «цифрлық философия» ұғымының негізгі анықтамалары қарастырылып, зерттеу пәнінің ерекшеліктері мен әдіснамалары айқындалады. В последнее время вопросы цифровизации и связанные с нею новые вызовы в фокусе научных исследований и общественных дискуссий. Это взаимообусловлено со всё более очевидным влиянием цифровизации на развитие социальных институтов, организацией повседневной жизни и социализации личности. Вместе с этим происходит философская рефлексия на реалии и последствия данного процесса, формируется концептуальная основа понимания и оценивания последствий с точки зрения социально-гуманитарного ракурса. Изменения, происходящие в сфере общественного развития и технологий, связанные с цифровизацией, формируют огромный поток информации. В современной социальной философии в последнее время происходит цифровой поворот, взаимообусловленный как трансформацией средств познания, так и переходом общества к новому,...

8 September 2024 in BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. HISTORICAL SCIENCES. PHILOSOPHY. RELIGION Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AАAssan Аmangeldiyev
Assan Аmangeldiyev
Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы және тиімді жүзеге асырылуы технологиялық және экономикалық өсуге әкеледі. Цифрландыруды дамыту жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау үшін және нақты топтардың әл-ауқатына баса назар аудара отырып, ақпараттық технологияларды қалай пайдалану керектігі туралы ортақ көзқарасты көрсетеді. Жаһандық цифрлық ортаның белсенді қалыптасуы жағдайында ұсынылатын ақпарат, қызметтер және инфрақұрылымды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар көлемі артып келеді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер өзге бір елдің деректер саясаты мен тәжірибесіне еліктеуге немесе толығымен қабылдауға ұмтылмайды. Әрбір ел осы салада көшбасшы болып қана қоймай, цифрлық кеңістіктің бірегей және ерекше жүйесіне ие болғысы келеді. Канада, Сингапур және Оңтүстік Корея елдері цифрлық әлемде деректерді басқарудың өзіндік ұлттық тәсілдерін әзірледі. Атап айтқанда, Канаданың тәжірибесінен бұлтты технологияларды, жасанды интеллектті, 5G технологияларды енгізуін және ұйымдардың жағымды экологиялық имиджін құруын байқауға болады. Сингапур қоғамдық өмірдің кейбір салаларын ғана «ақылды» реттеумен шектелмей, өмір сүру сапасын, институттардың жұмысын және қызмет көрсетуді жақсарту үшін мемлекеттің, жеке сектордың және бизнестің әлеуетін біріктіруге ұмтылды. Оңтүстік Корея әлеуметтік саланы ғана емес, азаматтардың тұрмыстық, білім беру, демалыс және басқа да қажеттіліктерін қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ерекше көңіл бөлді. Мақалада цифрландыру мәселелерін шешудегі Оңтүстік Корея, Сингапур және Канада елдерінің тәжірибелері қарастырылды.