19 October 2026 in THE BULLETIN
GeoGebra – математикалық және физикалық ұғымдарды визуализациялауға мүмкіндік беретін, динамикалық модельдер мен интерактивті симуляциялар құруға арналған заманауи цифрлық білім беру платформасы. Осы мақалада аталған бағдарламалық құралды жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдеріне геометриялық оптика бөлімін оқытуда қолданудың тиімділігі жан-жақты зерттеледі. Осыған байланысты геометриялық оптикада жарықтың түзу сызықты таралуы, шағылу және сыну заңдары, сондай-ақ жазық және сфералық айналар мен жұқа линзалардағы кескіннің түзілуі сияқты күрделі ұғымдар қарастырылады. Аталған ұғымдарды меңгеру барысында білім алушылардың кеңістіктік ойлауында, логикалық пайымдауында және бейнелі елестетуінде белгілі бір қиындықтар туындайтыны анықталды. Осы қиындықтарды анықтау және еңсеру мақсатында зерттеу бір топты қамтитын квазиэксперименттік дизайн негізінде ұйымдастырылып, оқыту алдындағы (претест) және оқыту соңындағы (посттест) нәтижелер салыстырылды. Зерттеуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің физика білім беру бағдарламасының 2–4 курс студенттері қатысты. Оқу үдерісінде дәстүрлі оқыту әдістері GeoGebra бағдарламасы негізінде құрылған интерактивті модельдермен, динамикалық симуляциялармен және визуализация құралдарымен толықтырылды. Зерттеу нәтижелерін бағалау үшін жиналған деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасының 29.0.2.0 (20) нұсқасы арқылы өңделіп, Уилкоксонның таңбалы рангтер критерийі арқылы статистикалық талдау жүргізілді. Нәтижелер GeoGebra бағдарламасын қолдану студенттердің геометриялық оптика бойынша оқу жетістіктерінің айтарлықтай артқанын және оң динамика қалыптасқанын көрсетті. Алынған нәтижелер негізінде зерттеудің ғылыми жаңалығы GeoGebra бағдарламасын жүйелі қолданудың тиімділігінің эмпирикалық тұрғыда дәлелденуімен сипатталады. Бұл нәтижелер жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін даярлау үдерісін жетілдіруде маңызды практикалық мәнге ие.
1 January 2025 in МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда болашақ педагогтерді цифрлық білім беру ресурстарын қолдануға үйрету білім беру ұйымдарының маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Цифрлық білім беру ресурстары оқу үдерісін тиімді ұйымдастырумен қатар, білім алушылардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға зор мүмкіндік беретін құрал. Білім беру жүйесін цифрландыру білім беруді одан әрі жаңашаландыруға, заман талабына сай үйлестіре алуға мүмкіндік береді. Цифрлық білім беру дегеніміз білім беру процесінде сандық технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқытушылар тек қана білім беріп қоймай, түрлі ресурстарды қолдану, білім алушылардың қызығушылығын арттыру, оларды ынталандыру және заманауи білім алу әдістерімен таныстыруға мүмкіндік алады. Цифрлық білім беру ресурстары – білім беру процесін тікелей жүзеге асыруда қолданылатын ресурстар. Бұл мақаладацифрлық білім берудің болашақ мұғалімдерді даярлаудағы маңызы қарастырылады.Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың қолданылуы, олардың болашақ педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарының тиімділігі мен оларды пайдалану ерекшеліктері талданады.
2 February 2026 in EURASIA Journal of Mathematics, Science and Technology Education
The main purpose of this study is to examine pre-service physics teachers’ competencies in integrating digital technologies into the teaching of optics topics. In the study in which the quantitative research method was adopted, data were collected from 356 physics teacher candidates through ICT-TPACK-science scale, optical teaching self-efficacy scale and digital technology use scale in physics. Descriptive statistics, independent groups t-test, one-way ANOVA, Pearson correlation analysis and multiple linear regression analysis were used in the analysis of the data. The research findings showed that the technological pedagogical content knowledge (TPACK) levels of the physics teacher candidates were high, and their self-efficacy beliefs in optical teaching and their digital technology use levels were at medium levels. Male teacher candidates achieved significantly higher scores than women in some sub-dimensions of TPACK. It was determined that digital technology usage experience had a strong and significant effect on TPACK levels, optical self-efficacy beliefs and digital technology use. The correlation analysis results revealed that there were positive, medium and high significant relationships between the three variables. Regression analysis showed that optical self-efficacy beliefs and digital technology use together explained 47% of the variance in TPACK levels. In addition, pre-service teachers were grouped into three groups in terms of technology integration. The findings revealed that digital technology experience and field teaching self-efficacy were critical factors in the development of TPACK by pre-service physics teachers. This study contributes to physics education by providing insights into how pre-service teachers’ technological competencies and self-efficacy beliefs interact in the context of optics teaching, thereby informing teacher education programs about effective strategies for integrating technology into physics instruction. The research offers important implications that technology integration and field teaching self-efficacy should be developed with a holistic approach in teacher training programs.
1 January 2026 in МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі білім беру жүйесінде онлайн-симуляторлар мен виртуалды зертханалар оқыту процесін цифрландырудың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Мұндай цифрлық құралдар физикалық құбылыстарды көрнекі түрде бейнелеуге, оқушылардың тәжірибелік және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ теориялық білімді нақты тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл мақалада геометриялық оптика бөлімін оқытуда онлайн-симуляторларды қолданудың дидактикалық, әдістемелік және функционалдық мүмкіндіктері жан-жақты талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Thin Lenses калькуляторы, Optics Bench Interactive және PhET Geometric Optics симуляторларының интерактивтілік деңгейін, визуализация сапасын, пайдаланушы интерфейсінің қолайлылығын және педагогикалық әлеуетін салыстырмалы тұрғыда анықтау болып табылады. Зерттеу барысында сапалық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылып, әрбір симулятордың оқу процесіндегі тиімділігі мен оқыту мақсаттарына сәйкестігі кешенді түрде бағаланды. Нәтижелер PhET Geometric Optics симуляторының теория мен тәжірибені интеграциялау арқылы оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау қабілеттерін дамытуда ең жоғары тиімділікке ие екенін көрсетті. Thin Lenses калькуляторы есептік және логикалық ойлауды дамытуға бағытталса, Optics Bench Interactive визуализация мен кеңістіктік елестету қабілеттерін жетілдіруде нәтижелі құрал ретінде танылды. Бұл зерттеу нәтижелері физика мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне және білім берудің цифрлық әдістемесін зерттеуші мамандарға пайдалы болуы мүмкін.