Aigerim Tashekova

Aigerim Tashekova

Auto-generated profile, based on publicly available information

Aigerim Tashekova

Department of Philology and Journalism, Faculty of Humanities and Social Sciences, NJSC «Toraigyrov University», Pavlodar 140008, Republic of Kazakhstan

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

3Years (2024-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
25 December 2024 in Bulletin of Toraighyrov University. Philology series
Verified
Journal Article
Closed access
АТА. Т. Ташекова
А. Т. Ташекова
НЖН. К. Жүсіпов
Н. К. Жүсіпов
ӘШӘ. К. Шапауов
Ә. К. Шапауов
Аталмыш мақалада қазақ және татар фольклорындағы үйлену рәсімдеріне арналған поэзияның көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Бекмұрат Уахатовтың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ және татар халықтарының үйлену жырларының эстетикалық, символикалық және поэтикалық аспектілері талданады. Зерттеу барысында екі халықтың поэзиясындағы ортақ элементтер мен өзіндік ерекшеліктер айқындалады. Қазақ поэзиясында табиғи бейнелер мен әлеуметтік байланыстардың маңыздылығы, сондай-ақ әзіл-оспақ элементтерінің қолданылуы басты назарда болса, татар поэзиясында діни бейнелер, исламдық құндылықтар және рухани ритуалдардың мәні басымдыққа ие. Бекмұрат Уахатов атап өткендей, бұл жырлар тек салт-дәстүрлерді сүйемелдеп қана қоймай, халықтың мәдени және рухани құндылықтарын сақтаушы қызметін атқарады. Сондай-ақ Қазақ елінде тұратын татар халықтарының үйлену тойында айтылатын өлеңдерге де сипаттама беріледі. Мақалада олардың көркемдік ерекшеліктерімен қатар, мағынасы да ашып көрсетілді. Мақалада қазақ және татар поэзиясының мысалдары келтіріліп, олардың көркемдік ерекшеліктері салыстырмалы талдау арқылы зерттелген. Сонымен қатар қазақ және түркі туыстас халықтарының арасындағы ұқсас өлеңдерге де шолу жасалынды. Кілтті сөздер: қазақ фольклоры, татар фольклоры, үйлену рәсімдері, көркемдік ерекшеліктер, салт-дәстүрлер, Бекмұрат Уахатов, жар-жар, яр-яр.

27 June 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series
Verified
Journal Article
Closed access
АЗА. Ф. Зейнулина
А. Ф. Зейнулина
АТА. Т. Ташекова
А. Т. Ташекова
АҚА. Ж. Құдабаев
А. Ж. Құдабаев
Алаш философиясы қазақтағы ағартушылық ісінің екі буын арасындағы сабақтастыққа және кез келген мәселені ұлт тұрғысынан сыни ойлау, ұлттық менталитет іргетасын мықтап қалау идеясына құрылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқының ұлттық санасы мен тарихи жады жаңғырып, ұлттың рухани болмысын айқындайтын төл құндылықтарымыз қайта жаңғыра бастады. Кеңестік дәуірде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының ғылыми мұрасы бүгінгі күні қайта зерделеуді қажет етеді. Алаш қайраткерлерінің идеялары — қазіргі ұрпақты ұлтжанды, кемел тұлға ретінде қалыптастыру жолында маңызды рухани бағдарға айналды. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болса да ұлттық дүниетаным кеңістігінде сіңірген еңбектері орасан зор. Аталмыш мақалада Алаш қайраткерлерінің философиялық мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, оқу-тәрбие,ғылым үдерісінде,қоғамда ұлттық сана қуатын жетілдірудің мүмкіндіктері айқындалып, соның негізінде ұлттық тұлға қалыптастырудың тұжырымдамасы туралы мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар қазақ философиясының ғасырлар бойы дамып жүйеленген тағылымдық-тәрбиелік тәжірибесі, ұлттық тұлғаға қатысты ғылыми-теориялық ой-пікірлері,оның ішінде Алаш қайраткерлерінің философиялық еңбектеріндегі тұлға қалыптастыру,ұлттық сананы жаңғырту мен жасампаз етудегі жөніндегі пікірлеріне талдау жасалынады. Алаш қайраткерлерінің ұлттық көзқарастарын танытатын мұралары негізінде ұлттық тұлға қалыптастыруда «ұлттық болмыс», «жан-жақты жетілген тұлға», «ұлттық тұлға»т.б. ұғымдарына салыстырмалы талдау арқылы сипаттама беріледі. Кітті сөздер: Алаш қайраткерлері, ұлттық сана, ұлттық таным, рухани көзқарас,саяси көзқарас,дүниетаным.

30 June 2026 in Bulletin of Toraighyrov University. Philology series
Verified
Journal Article
Closed access
АТА. Т. Ташекова
А. Т. Ташекова
АЗА. Ф. Зейнулина
А. Ф. Зейнулина
НХН. К. Хан
Н. К. Хан
Қазақ халқының салт – дәстүрімен, әдет – ғұрпы, тұрмыс – тіршілігімен тығыз байланыста өмірге келген өлең – жырлар әлемнің көптеген халықтарында бар екені белгілі. Аталмыш мақалада фольклортанушы ғалым Бекмұрат Уахатовтың қазақ халқының фольклорлық мұрасының басты жауһары халық өлеңдері туралы еңбектері қарастырылады. Ол қазақ халқының әдеби шығармашылығындағы осы бағытқа баса назар аударып, айрықша зерттеу жүргізген ғалым ретінде танылған. Сонымен қатар халық арасында ауыздан-ауызға тараған халық ауыз әдебиетінің бір саласы – қара өлеңдерді зерттеген еңбектері ғылыми тұрғыда талдауға түседі. Қазақтың қара өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері сараланып, бұған дейінгі зерттелу жайы айтылады. Аталмыш бейнелер мен символдар тек жеке поэтикалық құрылымдар ғана емес, сонымен қатар этноқұндылықтар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұлттың тарихи жадын жаңғырту мақсатында халық өлеңдері тек эмоционалды-психологиялық мазмұнда ғана емес, құрылымдық-поэтикалық тұрғыда да қарастыру аса маңызды. Бекмұрат Уахатовтың фольклорлық зерттеу функциясы арқылы оның іштей жіктей отырып,оларға алғаш анықтамалар берілуі, ерекшеліктері ескерілуі – бәрі, сөзжоқ, қазақ фольклортану ғылымының дамуына ерекше үлес ретінде қарастырылып, сипаттама жасалынады. Фольклорлық мәтіндер тарихи зерттеу әдісі негізінде қаралып, олардың эстетикалық қызметтері сараланады. Басқа зерттеу еңбектерінде кездеспейтін халық өлеңдерінің зерттелу траекториясы алғаш рет кең түрде қарастырылып, өзіндік ғылыми ұстанымдарымен дәлелденуі Бекмұрат Уахатов еңбегінің маңызын арттырады.

28 December 2024 in Bulletin of the Eurasian Humanities Institute, Philology Series
Verified
Journal Article
Closed access
TUToraigyrov University
Toraigyrov University
ATAigerim Tashekova
Aigerim Tashekova
NZNartai Zhussupov
Nartai Zhussupov
ASAlibi Shapauov
Alibi Shapauov
KAKazakh National University of Arts
Kazakh National University of Arts
This article discusses the issue of the significance of the work of Bekmurat Uakhatov, who studied the features of the development and formation of children's folklore, which became the source and source of Kazakh folkloristics. Bekmurat Uakhatov considers children's folklore as one of the most important branches of folk art, analyzes the scientific concepts, the content of which is intertwined with deep ancient musical motifs, is considered the spiritual core of raising children. The collection of children's folklore of the scientist is considered not only in the context of Kazakh oral literature, but also in comparison with the features of children's folklore of related Turkic peoples and ethnic groups, subject, genre, plot, poetic artistry is recognized. Through the research of B.Uakhatov, it is understood that children's folklore of our people is diverse in terms of genre composition, as well as their function, depending on the specifics of their origin and performance, poems written by adults for children, works preserved in the children's repertoire, and the nature of poems distributed by children themselves are described. At the same time, on the basis of the research, ways of forming the spiritual values of the Kazakh people through national literature and culture, the importance of introducing the younger generation to the examples of children's literature in its implementation, mastering the examples of folklore, as a means of preserving our traditional culture are revealed. Education of the younger generation as citizens of a cultured, civilized country it tells about the special place of children's folklore. It is shown that the folklore genre in the formation of a closely developing traditional culture, which tells about the way of life and ancestral traditions of the Kazakh people, together with a picture of past life, is a great science that has developed and flourished over the centuries.

7 February 2025 in Forum for Linguistic Studies
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ATAigerim Tashekova
Aigerim Tashekova
NZNartai Zhussupov
Nartai Zhussupov
AZAiman Zeinulina
Aiman Zeinulina
ZRZhanar Rustemova
Zhanar Rustemova
BKBakytzhan Kadyrova
Bakytzhan Kadyrova
This article provides a detailed examination of the scientific contributions of Bekmurat Uakhatov, a renowned scholar of Kazakh oral literature, with a focus on his studies of turmys-salt jyrlary (household and ritual songs). These songs hold a special place in Kazakh spiritual heritage, reflecting the nation’s worldview, traditions, and life philosophy. Bekmurat Uakhatov’s research delves into the artistic and linguistic aspects of these songs, emphasizing the use of metaphors, metonymy, and epithets to enhance their symbolic and emotional depth. By analyzing the structure and content of turmys-salt jyrlary, Bekmurat Uakhatov demonstrates their role as a medium for preserving the historical and cultural memory of the Kazakh people. The study also traces the historical evolution of these songs and examines their relevance in contemporary Kazakh culture. In addition, the works of early Kazakh literary figures such as Shokan Ualikhanov, Abubakir Divaev, Saken Seyfullin, and Qajym Jumaliev are utilized to contextualize the place of turmys-salt jyrlary in Kazakh literature and folklore. The article highlights the lexical, syntactic, and phonetic richness of these songs, showcasing their poetic depth and cultural significance. It underlines the role of metaphors in creating vivid imagery, metonymy in uncovering hidden meanings, and epithets in setting emotional tones. Bekmurat Uakhathov’s findings emphasize the importance of turmys-salt jyrlary in preserving Kazakh national identity and transmitting cultural knowledge. This study provides valuable insights into Kazakh folklore, laying the groundwork for further research in this field.

30 September 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Philology series
Verified
Journal Article
Closed access
АТА. Т. Ташекова
А. Т. Ташекова
АЗА. Ф. Зейнулина
А. Ф. Зейнулина
Халық ақындары әрі эпикалық ақын, әрі ақын-импровизатор, дана жыршы және дастаншы ретінде қызмет атқарды. Олар өнер шебері ретінде азаматтық және саяси поэзияның дамуына үлес қосты. Халық ақындарының ұлылығы оның ақындық шеберлігінде ғана емес, сонымен бірге оның халық поэзиясындағы жаңа ағымның жаратушысы, халық ақындарының шығармашылық рухын парасатпен жандандырушы болғанында. Олардың сөздері халық үні болды, заман тынысы мен мүддесінің жыршылары болды. Халық ақындары жыршы-дастаншылардың терең эпикалық дәстүрлерін жаңа арнаға айналдырып, ежелгі қазақ суырып салма өнерінің жаңа қырларын ашты, оларға жаңа мазмұн берді. Аталмыш мақалада әдебиеттану тарихында шығармашылықтары фольклордан бастау алатын ХХ ғасырдағы халық ақындарының шығармашылығы мен өздерінің өңірлік фольклорлық қазынасын және ән шырқау мақамының дәстүрін, сондай-ақ шынайы суырыпсалма ақындық өнерлерінің Бекмұрат Уахатовтың зерттелуіндегі ерекшеліктері туралы мәселе қарастырылады. Қазақ даласының әр түкпіріндегі халық ақындары шығармашылығын қамти зерттеген ғалымның назарынан Кенен Әзірбаев, Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Омар Шипин, Нұрқан Ахметбеков, Нұрлыбек Баймұратовтардың шығармашылықтарының ерекшеліктері туралы жазылған ғылыми тұжырымдамаларына салыстырмалы талдау жасалынады. Халық ақындарының шығармашылық көркемдік табиғатын танытудағы ғалымның ғылыми ұстанымы танытылады. Кілтті сөздер: фольклор, халық өлеңдері, халық ақындары, фольклорлық сипат, жыршы, жырау, көркемдік ерекшелік.