31 March 2026 in Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series
Синтетикалық газ – бұл үнемі өзгеріп отыратын құрамы бар реактивті емес отын, оны тиімді жағу үшін тұрақтандырғыштың оңтайлы бұрышын таңдауды қажет етеді. Бұрыштық тұрақтандырғыштардың үш нұсқасы қарастырылды: 45°, 60° бұрыштары бар, сонымен қатар жартылай шеңбер тәрізді тұрақтандырғыш. Бұлардың геометриялық шамалары және тұрақтандырғыштан кейінгі тиімді аэродинамикалық өнімділіктерін Ansys Fluent бағдарламасымен сандық модельдеу бойынша есептеулер жүргізілді. Сандық модельдеудің есептеу нәтижелері болашақта тәжірибе жасау кезінде қолданылады. Басты мақсат - физикалық үлгілерді жасап шығару мен отын мен ауаның аралас қоспасының нәтижелі жануын қамтамасыз ететін тұрақтандырғыштың оңтайлы бұрышын табу мақсатында жанарғыдағы ауа (не болмаса биогаз) аэродинамикалық ауа ағынына (немесе синтетикалық газға) сандық талдау жүргізу болды. Сандық модельдеу нәтижелері тұрақтандырғыштардың геометриясы мен көлбеу бұрышы жылдамдықтың таралуына және ағынның аэродинамикалық сипаттамаларына айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетті. Рециркуляция аймағындағы тұрақтандырғыштардың ішкі бөліктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ағындардың жылдамдықтарының ауытқуынан таралатын тізбектерге ықпалы аса маңызды болмаса да, тұрақтандырғыштардың құрылымы мен еңісі отын мен ауаның араласу үдерістеріне, жалынның орнықты болуына, толық жанбау деңгейіне және азот тотығының бөліну мөлшеріне елеулі ықпал ететіні айқындалды. Кілтті сөздер: бұрыштық тұрақтандырғыш, шиыршық ағын, аэродинамикалық қима, жылдамдықтар сұлбасы, рециркуляция аймағы.
30 September 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series
Мақалада нақты уақыт режимінде оның техникалық жағдайын бақылау үшін жел турбинасының (ЖЭҚ) бағдарламалық эмуляторын модельдеу және әзірлеу әдістері талқыланады. Энергиямен жабдықтау құрылымында жел энергиясының үлесін арттыру жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін интеллектуалды бақылау және диагностикалық құралдарды енгізуді талап етеді. Зерттеу барысында негізгі жұмыс параметрлерінің динамикасын көрсететін математикалық моделі әзірленді: жел жылдамдығының өзгеруі, ротордың айналуы, генератор жүктемесі, шығыс қуаты, сонымен қатар мүмкін болатын ақауларды ескереді. Осы үлгінің негізінде жұмыс режимдерінің кең ауқымын - қалыпты жұмыстан төтенше жағдайларға дейін жаңғырта алатын бағдарламалық эмулятор жасалды. Эмулятор жабдықтың жағдайын бағалауға, автоматты басқару жүйелерін сынауға, диагностикалық алгоритмдерге және техникалық қызмет көрсетуді болжауға арналған. Оны білім беру мақсатында жел энергетикасы саласындағы мамандарды дайындау үшін де пайдалануға болады. Ұсынылған нәтижелер автоматтандыру деңгейін арттыру, операциялық тәуекелдерді азайту және жел турбинасына техникалық қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша әзірленген тәсілдің тиімділігін растайды. Мұндай эмуляторларды дамыту жаңартылатын энергия жүйелерін және енгізілген интеллектуалды басқару платформаларын цифрландырудың перспективалық бағыты болып табылады.