Шинар Аскарова

Шинар Аскарова

Auto-generated profile, based on publicly available information

Шинар Аскарова

АО «Алматинский технологический университет

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

1Year (2026-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
3 April 2026 in Journal of Ecology and Sustainability
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ЛКЛайла Калимолдина
Лайла Калимолдина
ЖШЖанат Шаихова
Жанат Шаихова
ГСГулбарам Султангазиева
Гулбарам Султангазиева
ГЖГүлжан Жақсыбаева
Гүлжан Жақсыбаева
ШАШинар Аскарова
Шинар Аскарова
Қоршаған ортаның ластануы жаһандық экологиялық қауіп сипатына ие болды, қазіргі жағдай үкіметтің, ғалымдардың, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды және экономикалық үрдістер барысында ластаушы заттарға айналған элементтердің табиғаттағы айналымының қарапайым және жеткілікті тиімді технологияларын жасау қажеттілігін туындатты. Бүгінгі күнге дейін белгілі қоршаған ортаны тазарту тұжырымдамасына ең сәйкес келетін әдіс фиторемедиация болып табылады, оның негізінде өсімдіктердің субстраттан радиоактивті немесе ластаушы элементтерді алудың гипераккумулятивті қабілеті жатыр. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы фиторемедиация технологиясының негізгі элементтерін әзірлеуге бағытталған. Фиторемедиацияға қатысатын процестер табиғи жағдайда жүретіндіктен, ластанған аймақтар адамның араласуынсыз өсімдіктермен өзін-өзі тазартуға бейім және ластану деңгейі төмен аудандарда қолдануға жарамды. Жұмыстың негізгі мақсаты – ауыр металдармен ластанған топырақтарды фитоиндикациялау және фиторемедиациялау мүмкіндігін зерттеу, сонымен қатар фиторемедиация әдісін қолдана отырып, табиғи экологиялық тазартқыш өсімдіктерді зерттеу. Зерттеу барысында қазіргі заманғы ғылыми-техникалық, нормативтік, әдістемелік әдебиеттерге аналитикалық шолу жүргізілді, зерттеу бағдарламасы әзірленді, тиісті әдістемелер таңдалды, зертханалық және далалық жағдайларда тәжірибелер жүргізілді. Зертханалық және далалық тәжірибелердің нәтижелері талданды. Бірнеше далалық сынақтар Алматы қаласы және Алматы облысының ауа ортасын тазарту үшін Павловния өсімдігін пайдалану мүмкіндігін растады. Зерттеу нәтижелері тез өсетін Павловния ағашының көмегімен ауыр металдармен (кадмий, қорғасын, мышьяк және сурьма) ластанған жерлерде топырақ қабатын қалпына келтіруге болатынын көрсетеді. Фиторемедиация әдісінің барлық артықшылықтары мен шектеулері зерттеліп, эксперименталды түрде көрсетілді. Зерттеу нәтижелері ластанған топырақтағы қоршаған ортаға әсерді азайту үшін фиторемедиация әдісінің қолайлылығын анықтайды.

31 March 2026 in Bulletin of the Karaganda university Pedagogy series
Verified
Journal Article
Open access
ГЖГ.с. Жақсыбаева
Г.с. Жақсыбаева
БАБ.к. Асылбекова
Б.к. Асылбекова
ЭКЭ.а. Кырбасова
Э.а. Кырбасова
ШАШ.қ. Асқарова
Ш.қ. Асқарова
ҚСҚ.ж. Сыман
Қ.ж. Сыман
Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі — болашақ биология мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру арқылы олардың кәсіби даярлығын жетілдіру мәселесі ғылыми негізде қарастырылады. Жаһандық экологиялық дағдарыс, тұрақты даму талаптары және ҚазақстанРеспубликасының стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер аясында мұғалімнің кәсіби рөлінде экологиялық компоненттің маңызы арта түсуде.Осыған байланысты педагог кадрларды даярлау жүйесінде теория мен тәжірибені интеграциялай отырып, экологиялық зерттеу барысында болашақ мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігінің деңгейін бағалауға арналған төрт бөлімді сауалнама(танымдық, құндылықтық-мотивациялық, іс-әрекеттік және кәсіби блоктар)негізінде эмпирикалық диагностика жүргізілді.Университеттің биология мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері олардың теориялық дайындықтары жеткілікті болғанымен, практикалық әрекеттер мен кәсіби-әдістемелік тұрғыда айтарлықтай олқылықтардың бар екенін көрсетті.Экологиялық ұғымдар мен заңдылықтарды білу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болғанымен,нақты іс-шараларға қатысу,экологиялық жауапкершілік пен кәсіби мотивацияның жеткіліксіздігі байқалды.Аталған қайшылықтарды шешу үшін авторлар болашақ биология мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілігін кешенді әрі жүйелі қалыптастыруға арналған құрылымдық-функционалдық модель ұсынды.Бұл модель төрт өзара байланысты блоктан тұрады:концептуалды, концептуалды-теориялық, процессуалды-технологиялық, нәтижелі-бағалау.Әр блок экологиялық құзыреттіліктің компоненттерін—білім, құндылық, әрекет және кәсіби дайындық—өзара байланыста қарастыра отырып, студенттердің жеке және кәсіби даму траекториясын айқындайды.Зерттеу нәтижелері мен әзірленген модель болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жаңа деңгейге көтеруге, білім мен тәрбие беруде экологиялық құндылықтарды басым етуге, сондай-ақ педагогикалық білім беру мазмұнын стратегиялық бағытта жаңғыртуға нақты үлес қосады.