Р. М. Бигожин

Р. М. Бигожин

Auto-generated profile, based on publicly available information

Р. М. Бигожин

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилёва, Астана, Казахстан, докторант, преподаватель кафедры менеджмента

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

1Year (2026-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
19 October 2026 in THE BULLETIN
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
АТА. Б. Тулаганов
А. Б. Тулаганов
РБР. М. Бигожин
Р. М. Бигожин
АНА. И. Нұрмағамбетова
А. И. Нұрмағамбетова
Мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Жоғары білім беру жүйесін цифрландыру және жаңғырту жағдайында білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету университеттердің бәсекеге қабілеттілігін, институционалдық тұрақтылығын және стратегиялық даму мүмкіндіктерін айқындайтын маңызды факторлардың біріне айналуда. Зерттеудің мақсаты – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін талдау, оның жұмыс істеу ерекшеліктері мен негізгі проблемаларын анықтау, сондай-ақ жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен ұсынымдарына (ESG) сәйкес жетілдіру бағыттарын негіздеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік және салыстырмалы талдау, ғылыми әдебиеттерді зерделеу, нормативтік-құқықтық актілер мен университеттің ішкі құжаттарына контент-талдау жүргізу, сондай-ақ білім беру қызметінің көрсеткіштерін жинақтау және талдау әдістері құрады. Зерттеу нәтижелері университетте халықаралық стандарттарға және білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру қағидаттарына бағдарланған ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасқанын көрсетті. Сонымен қатар сапаны қамтамасыз ету рәсімдерін университеттің стратегиялық басқару жүйесімен ықпалдастыруды күшейту, білім беру нәтижелерін бағалауда цифрлық талдау құралдарын кеңінен пайдалану және академиялық қоғамдастықта сапа мәдениетін дамыту қажеттілігі анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы сапаны ішкі қамтамасыз етуді ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық тетіктерді біріктіретін кешенді басқару жүйесі ретінде қарастырумен айқындалады. Ал практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді Қазақстанның жоғары оқу орындарында сапаны басқарудың институционалдық және цифрлық тетіктерін жетілдіру үшін қолдану мүмкіндігімен сипатталады.