B.G. Bostanov

B.G. Bostanov

Auto-generated profile, based on publicly available information

B.G. Bostanov

Kazakh National Women's Teacher Training University

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

4Years (2023-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
14 September 2026 in Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series
Verified
Journal Article
Closed access
МСМ. С. Слямова
М. С. Слямова
БББ. Г. Бостанов
Б. Г. Бостанов
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика – күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын және ғылымның көптеген салаларында кеңінен қолданылатын математиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Қазақстан мен Түркия елдерінде бұл тақырыптар орта білім беру бағдарламасының бір тарауы ретінде қарастырылады. Бұл зерттеуде Қазақстан мен Түркиядағы орта білім беру бойынша мектеп оқулықтарындағы ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика бөлімдерінің мазмұны, сондай-ақ осы тақырыптарға бөлінген оқу сағаттарының саны салыстырылады. Сонымен қатар, оқулықтарда оқу материалының ұсынылу ерекшеліктері, оның берілу әдістерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Екі елдегі математика пәнінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын салыстырмалы талдау арқылы олардың құрылымдық ерекшеліктері, білім беру жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Зерттеу нәтижелері болашақта оқу бағдарламалары мен оқулықтарын жетілдіруге, оқыту әдістерін оңтайландыруға және оқушылардың математиканы меңгеру деңгейін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Зерттеу әртүрлі елдердің математика оқу бағдарламаларын салыстыратын алдыңғы еңбектермен ұқсас болғанымен, оның ерекшелігі – білім алушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын салыстыруға бағытталуында. Кілтті сөздер: білім беру жүйесі, оқу бағдарламасы, ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика, оқулық.

20 September 2026 in Journal of Educational Sciences
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ZAZh. Altynbekova
Zh. Altynbekova
BBB. Bostanov
B. Bostanov
Open educational resources (OER) have become a critical driver of democratizing access to knowledge in contemporary education systems. They provide learners regardless of geographical location, socio-economic background or institutional affiliation with the opportunity to engage in self-directed learning and professional development. However, the creation of high-quality OER demands methodological literacy, appropriate technological solutions and collaboration between multiple professional actors.This article explores conceptual foundations, development trends and technological requirements associated with building OER for general education. Based on the analysis of international practices, public initiatives and UN recommendations, the study identifies key global trends shaping the OER landscape: mass online learning, MOOC expansion, open licensing, collaborative content production, and the application of emerging intelligent technologies such as artificial intelligence and data analytics.A seven-stage development algorithm for OER was systematized, including needs analysis, audience profiling, content design, resource formalization, verification and testing, dissemination, and continuous updating. The research also provides a role-based model demonstrating the involvement of instructors, instructional designers, multimedia developers and content authors at different stages of OER creation. The study emphasizes that ensuring accessibility, inclusivity and interoperability requires adherence to internationally recognized standards, including SCORM, IMS Global, IEEE LTSC, Creative Commons and others.The findings highlight that well-designed OER not only expand educational access but also improve instructional quality, enhance learner autonomy and stimulate innovation in teaching practices. The developed framework may serve as a methodological basis for designing new courses and educational manuals, as well as for training authors and developers working with digital educational ecosystems. Keywords: Open education, e-learning, electronic publications, MOOC.

28 March 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series
Verified
Journal Article
Closed access
БББ. Г. Бостанов
Б. Г. Бостанов
БЛБ. Ә. Лаханова
Б. Ә. Лаханова
Бұл мақалада тиімділігі жоғары цифрлық технолагиялар бағалауды жетілдіру құралы ретінде математика сабағында қолданудың мүмкіндіктері қарастырылған. Қазіргі білім беруде цифрлық технологиялардың көбеюімен математика пәнін оқытуда жаңа тәсілдер мен заманауи құралдарды қалай нәтижелі жүзеге асыруға болатындығын зерттеу өзектілігі артуда. Зерттеу жұмысында математика сабағында қолдану аясы кең таралмаған цифрлық технологияларға салыстармалы талдау жасалынды. Математика пән мұғалімдерінен бағалау тапсырмаларын дайындауда цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін анықтау бойынша 51 мұғалімнен сауалнама алынып, нәтижесінде оқыту үдерісінде мұғалімдерге тиімді, қолдану интерфейсі жеңіл, кері байланыс алуға және оқушылардың білім деңгейін жылдам бағалауға көмектесетін, интерактивті бағалау тапсырмаларын жасауға арналған «Socrative» және «Wizer.me» цифрлы бағдарламалардың математика пәнінде қолдану мысалдары қарастырылды. «Socrative» цифрлы бағдарламасының қолданылуы Алматы қаласында білім алатын 9 сыныптың 21 оқушысына, «Wizer.me» цифрлы бағдарламасының қолданылуы 8 сыныптың 17 оқушысына тәжірибе жүзінде жүргізілді. Сондай-ақ мақалада сауалнама нәтижелері қаралып, цифрлық технологияның оқыту үрдісінде бағалауды жетілдіруге қалай әсер ететіні, оқушылардың мотивациясы мен оқуға деген қызығушылығын арттырудағы рөлі, олардың оқу жетістігін бағалаудағы маңыздылығы талқыланады. Кілтті сөздер: бағалау тапсырмалары, мектеп математикасы, бағалауды жетілдіру, бағалау, цифрлық технология, «Socrative» бағдарламасы, «Wizer.me» бағдарламасы

29 June 2026 in Bulletin of Zhetysu University named after I.Zhansugurov
Verified
Journal Article
Closed access
БББ.г. Бостанов
Б.г. Бостанов
ЕУЕ.з. Уксикбаев
Е.з. Уксикбаев
ЖЖЖ.т. Жиембаев
Ж.т. Жиембаев
КБК. Беркімбаев
К. Беркімбаев
Информатика пәнін STEM тәсілдерімен ықпалдастыра оқыту пәнаралық интеграцияны қамтамасыз етіп, білім алушылардың логикалық, алгоритмдік және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибелерді (АҚШ, Финляндия, Корея, Жапония, Сингапур және Қытай) талдау аталған бағыттың тиімділігін дәлелдей отырып, оны Қазақстанның білім беру жүйесіне бейімдеудің өзектілігін арттырады. Зерттеудің мақсаты – информатиканы STEM тәсілдерімен ықпалдастыра оқытудың шетелдік тәжірибелерге негізделген педагогикалық алғышарттарын айқындау, тиімді моделін әзірлеу және оның оқу үдерісіндегі тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеу. Зерттеу барысында теориялық, эмпирикалық және статистикалық әдістер кешені қолданылды. Зерттеу нәтижесінде информатика пәнін STEM тәсілдері негізінде ықпалдастыра оқытудың педагогикалық моделі әзірленді. Ұсынылған модель мақсаттық, мазмұндық, технологиялық, процессуалдық және нәтижелік компоненттерден тұрады және Қазақстан Республикасының білім беру үдерісінің ерекшеліктерін ескереді. Эксперимент нәтижелері STEM тәсілдері негізінде оқытудың оқушылардың білім сапасын, цифрлық сауаттылығын, инженерлік және алгоритмдік ойлау қабілеттерін, сондай-ақ шығармашылық белсенділігін арттырғанын көрсетті. Эксперименттен кейін бақылау тобының орташа көрсеткіші 3,41 болса, эксперименттік топта бұл көрсеткіш 4,43-ке жетті (t(18) = 19.18, p = 0.0001). Алынған айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды деп танылды. Қорытындылай келе, зерттеу нәтижелері информатика пәнін STEM тәсілдері негізінде ықпалдастыра оқытудың білім алушылардың білім сапасын, цифрлық сауаттылығын және инженерлік-алгоритмдік ойлауын арттыруда жоғары тиімді екенін дәлелдеді. Интеграция информатики со STEM-подходами обеспечивает междисциплинарную связь и способствует развитию логического, алгоритмического и творческого мышления обучающихся. Анализ зарубежного опыта (США, Финляндии, Кореи, Японии, Сингапура, Китая) подтверждает эффективность данного направления и подчеркивает актуальность его адаптации к системе образования Казахстана. Цель исследования заключается в определении педагогических предпосылок интеграции преподавания информатики на основе STEM-подходов с опорой на международный опыт, разработке эффективной модели и ее практической верификации в учебном процессе. В ходе исследования применялся комплекс взаимосвязанных теоретических, эмпирических и статистических методов. В результате была разработана педагогическая модель интеграции преподавания информатики на основе STEM-подхода. Модель включает целевой, содержательный, технологический, процессуальный и результативный компоненты, соотнесенные с образовательным процессом Республики Казахстан. Результаты эксперимента показали, что STEM-ориентированное обучение повышает качество знаний учащихся, уровень цифровой грамотности, инженерное и алгоритмическое мышление, а также творческую активность. В послекспериментальный период средний показатель контрольной группы составил 3,41, тогда как экспериментальной – 4,43 (t(18) = 19.18, p = 0.0001), что свидетельствует о статистически значимом различии. Таким образом, результаты исследования подтверждают высокую эффективность интеграции преподавания информатики на основе STEM-подходов в повышении качества обучения,...

1 January 2023 in МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Verified
Journal Article
Closed access
BBB.G. Bostanov
B.G. Bostanov
ZAZh.т. Altynbekova
Zh.т. Altynbekova
Ашық білім беру технологиясының негізгі миссиясы - жеке тұлғаны әлеуметтендірудің барлық деңгейлерінде және әлемдегі кез-келген қолданушы үшін сапалы білімге қол жеткізу. Бұл мақалада білім беру үдерісінде ашық цифрлық білім беру ресурстарын қолданудағы маңызы, әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, электронды оқыту жүйесі жобасы аясында жасалған ашық цифрлық білім беру мазмұны мен оны іске асыру қажеттігінің пайда болу салдары қарастырлған. Сонымен қатар, қазір қолданыста бар шетелдік және отандық ашық цифрлық білім беру орталықтарына шолу жасай отырып, оларға қойылатын талаптар, қағидалар, мазмұны және қолданудағы ерекшеліктері көрсетілген. Мақалада Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасының мақсаты - бейресми білім берудің жаңа элементі ретінде ашық оқытуды құру және насихаттау мәселелері талқыланған. Жалпы цифрлық білім беру ресурстары оқытудың мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады.Осыған орай мақалада жүргізілген жұмыс аясында білім беруді ақпараттандыру көбінесе оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалардың қалыптасуына әкеледі, ал олардың бірі ашық білім беру болып табылады деген қорытындыға келеді. Яғни ашық білім беру ресурстарын жасауға және пайдалануға болашақ мамандарды арнайы дайындау қажеттігін анықтайды және ұсыныстар жасайды