Aygerim Temirbayeva

Mrs. Aygerim Temirbayeva


Research Focus & Metrics

Academic Career Length

2Years (2025-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
20 June 2025 in Eurasian Journal of Religious studies
Verified
Journal Article
Open access
EОE. Оңғар
E. Оңғар
АТА. Темірбаева
А. Темірбаева
TTTalgat Temirbayev
Talgat Temirbayev
AРA. Рыскиева
A. Рыскиева
EОE. Онгар
E. Онгар
ATAygerim Temirbayeva
Aygerim Temirbayeva
Бұл мақалада Қазақстандағы исламдық білім беру үдерісінде жасанды интеллекті (ары қарай – ЖИ) қолдану қарастырады. Зерттеу келешегін талдауға және мұндай пайдаланудың проблемалық аспектілерін анықтауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – исламдық білім беру үдерісіне ЖИ енгізу мүмкіндіктерін зерттеу және білікті исламтанушыларды даярлаудағы қауіп-қатерлер мен этикалық аспектілерді бағалау. Мақаланың әдістемесі исламтану мамандығының студенттері арасында фокус-топтық зерттеуге, сондай-ақ Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірінің оқытушыларымен сұхбатқа негізделген. Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша Google Scholar ғылыми-метрикалық деректер базасынан, және қазақстандық ғалымдардың мақалаларына контент-талдау жүргізілді. Бұл зерттеу нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңызы бар, өйткені олар ЖИ-ны исламдық білім беру үдерісіне тиімдірек енгізуге, қазақстандық академиялық стандарттарға сәйкес оқыту әдістерін жетілдіруге және дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтауға ықпал етеді. Зерттеу көрсеткендей, қазіргі кезде ЖИ-ке негізделген түрлі қосымшаларды көптеген мамандықтардың студенттері, соның ішінде исламтану мамандығының студенттері белсенді қолданады. Осыған байланысты, мұндай пайдалануды олар үшін қауіпсіз ету, сұрақтарды дұрыс қоюды, қателерді анықтауды үйрету маңызды. Осы шаралардың барлығы жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал ететін болады. Түйін сөздер: Ислам, исламдық білім беру, жасанды интеллект, ChatGPT, ЖИ сын-қатерлері мен келешегі