Мақалада Қазақстанның Ақмола облысы аймақтарында жаздық бидай егілетін алқаптардың сүр (пар) танаптарында карантинді арамшөп жатаған у кекіремен (Lеuzea repens) ластануының мониторинг нәтижелері келтірілген. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей егістік алқаптарда карантинді жатаған у кекіренің кең көлемдегі ошақтары 39-дан 67-ге дейін және одан да көп дана/м2 анықталды. Жатаған у кекіренің бір шаршы метрдегі саны аумақтың диагоналі бойынша 4 нүктеден 1 м2 рамканы қолдана отырып анықталды. Жатаған у кекіренің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әртүрлі гербицидтер және олардың бак қоспасы арқылы күресу жолдары қарастырылған. Горгон, ВРК, Ланс, ВР және Торнадо 540 гербецидтерін қолдану мөлшері мен мерзімдері әзірленді. Тәжірибеде қолданылған гербицидтер жатаған у кекіремен күресуде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Горгон, ВРК құрамында пиклорам әсер етуші заты бар гербицидтерді қолдану жатаған у кекіренің ошақтарын жою үшін жақсы әсер етті. Жатаған у кекіренің өсуін және дамуын тежеу үшін Горгон, ВРК гербицидтерді қолдану айтарлықтай агроценоздардағы фитосанитарлық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді, ал гербицидтік белсенділік және қорғаныс әсерінің ұзақтығы көбінесе оларды қолдану нормасымен анықталады. Жатаған у кекіре шоғырланған егістіктерде осы препараттармен өңдеу, іс жүзінде 95-94 пайыз және 98-97 пайыз биологиялық тиімділікті қамтамасыз етеді. Жатаған у кекіреге қарсы Горгон, ВРК препараты қолдану нормалары 2,5-3,5 л/га, өндірісте сынау олардың жоғары гербицидтік белсенділігін растады