Sandugash Zulpibekova

Dr. Sandugash Zulpibekova


Research Focus & Metrics

Academic Career Length

3Years (2024-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
29 March 2024 in Izdenister natigeler
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
АРАлексей Рау
Алексей Рау
ЕКЕсенкуль Калыбекова
Есенкуль Калыбекова
ISIbragim Seitassanov
Ibragim Seitassanov
SZSandugash Zulpibekova
Sandugash Zulpibekova
МАМейрам Арыстанов
Мейрам Арыстанов
Мақалада Түркістан облысындағы Шардара суару алқабының сұр топырақты мақта ауыспалы егісінде жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Осы жылғы далалық зерттеулер мақта ауыспалы егіс дақылдарын өсірудегі сұр топырақтың, дәнді және көкөніс дақылдарын өсірудегі қоңыр және қара топырақтардың агроресурстық әлеуетін анықтады. Шардара суғару алқабының табиғи-климаттық жағдайы мақта ауыспалы егіс дақылдарын өсіру үшін қолайлы екені анықталды, ауаның орташа жылдық температурасы +12,5°с, температураның 10°С – тан жоғары қосындысы 4600-4800°с-қа тең, радиация жылына 60 ккал/см2/құрайды. Аллювиалды топырақ, егістік қабатының көлемдік массасы – 1,3 – 1,4 г/см3, кеуектілігі 48-50%, сүзу коэффициенті 0,08-0,26 м/тәул., тұз мөлшері-0,2–0,4%, жер асты суларының деңгейі 0,5–3,0 м, минералдылығы 1,2-3,7 г/л. 38731 га алқапта мақта егілді, суару мөлшері 10600-15300 м3/га, өнімділігі 22,2-24,65 ц/га. Суару каналдарының жалпы ұзындығы 91798,2 км құрайды, оның ішінде 12190,0 км шаруашылықтан тыс және 79718,2 км шаруашылықта. Суармалы егіншіліктегі қиындықтар дренаж желісінің нашар жұмыс істеуінен, магистральдық арналардан сүзілуден, шаруашылықішілік суару жүйелерін ұтымсыз пайдаланудан және басқа да жағымсыз факторлардан туындайды. Соның салдарынан республикада 300 мың гектарға дейін суармалы жер қанағаттанарлықсыз жағдайда, ал бір млн.гектардан астам жер қолданыстағы суару желілерін түбегейлі жақсартуды талап етеді.