A.а. Есекеева

A.а. Есекеева

Auto-generated profile, based on publicly available information

A.а. Есекеева

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

3Years (2024-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
20 March 2024 in Journal of actual problems of jurisprudence
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
АЕА.а. Есекеева
А.а. Есекеева
АЖА.е. Жатканбаева
А.е. Жатканбаева
СӘС. Әділғазы
С. Әділғазы
САС. Адилгазы
С. Адилгазы
Бала құқығын қорғау мен олардың қауіпсіздігі – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. 2024 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылады. Қазақстанның жарқын болашағы ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес ұрпақтың қолында болса, сапалы адам капипталын қалыптастыру биліктің бүгінгі қолында. Мемлекет тарапынан еліміздің жарқын болашағының кепілі – балалар, жас жеткіншектердің болашағына, олардың сапалы білім алуына, денсаулығын нығайтуға және отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға үнемі қолдау білдіріп келеді. Мемлекет басшысы бала құқықтарына қатысты мәселелерді кезек күттірмей, шешімін табуды, бала құқықтарына қатысты заңдардың дереу күшіне енгенін талап етеді. Президент өз сөзінде, «Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастыруымыз керек» деп тапсырма берді (https://egemen.kz/article/261356-qasym-zhomart-toqaev-balalar-arasyndaghy-suitsid-pen-bullingtinh-aldyn-alu-qadge.). Мақалада бала құқықтары институтының мәні, орны мен рөлін анықтау үшін маңызды мәселелердің кең ауқымы зерттелді және де бала құқықтарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері талданды. Түйін сөздер: бала құқықтары жөніндегі уәкіл, баланың құқықтары мен міндеттері, жетім балалар, әлеуметтік жетім, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, отбасы.

20 June 2025 in Journal of actual problems of jurisprudence
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AЕA.а. Есекеева
A.а. Есекеева
КАК.с. Адилова
К.с. Адилова
АОА.қ. Отеуова
А.қ. Отеуова
Мақалада қазіргі таңдағы бала құқықтары мен бостандықтарын зорлық-зомбылық пен қанаудан қорғаудың маңызды нысаны ретінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құрылым модельінің тиімділігі зерттелген, сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қызметінің шет мемлекеттердегі тәжірбиелер зерделенеді. Авторлар Балалар омбудсмені институтын қалыптастыратын 4 модельді талдай отырып, олардың оң және теріс тұстарын анықтайды, сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің тиімділігінің критерийлерін қарастырады. Авторлардың пікірінше, Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің құқықтық мәртебесін арттыруда біріншіден, заңнамалық деңгейде реттеліп, конституциялық заңнамада бекітілуі қажет, екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық стандарттарға және қазіргі заманғы мемлекеттік басымдықтарға қайшы келетін құқықтық нормаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына егжей-тегжейлі мониторинг жүргізген жөн. Себебі, Конституцияның 4-бабында көзделген республика бектіткен халықаралық шарттардың нормалары іс жүзінде жүзеге асырылмай отыр. Тиісті мониторингті Қазақстан Республикасы ратификациялаған екіжақты және көпжақты шарттық міндеттемелердің шеңберінде де жүргізу қажет. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қалыптасуы балаларды қорғау тетіктерінің барлық саласында туындайтын проблемаларды жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың қызметін ынталандыруға оң әсер етеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі мақсаттары кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін, құқықтары мен мүдделерін қорғау, Бала құқықтары туралы конвенцияны, балалардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін күресу және олардың таралуына ықпал ету болып табылады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, шет мемлекеттерде бала құқықтары жөніндегі омбудсмен институты «балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылған, заңнамалық түрде құрылған тәуелсіз орган» ретінде анықталады, сондай-ақ, Балалар омбудсмені институты балалардың құқықтарын қорғаудың дербес институты ретінде танылады. Түйін сөздер: бала құқықтары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, конвенция, модель, ұлттық заң, омбудсмен, комитет, үкіметтік емес ұйымдар.

18 June 2026 in Journal of actual problems of jurisprudence
Verified
Journal Article
Open access
ЕМЕ. Майлыбай
Е. Майлыбай
GKGulnur Koishynovna
Gulnur Koishynovna
АЕА.а. Есекеева
А.а. Есекеева
ГКГ.а. Куаналиева
Г.а. Куаналиева
LCLee C.
Lee C.
The article comprehensively analyzes the trends in the development of mechanisms for international legal protection of the ozone layer in the context of digital transformation of global environmental management. The legal nature of the Vienna Convention of 1985 and the Montreal Protocol of 1987, which form the main legal foundation for the protection of the ozone layer, the mechanisms for ensuring their implementation and the impact of the use of digital technologies in the international community on legal practice are considered in detail. The study clearly demonstrates the process of changing the traditional legal paradigm of ozone layer protection by means of digital monitoring, electronic reporting, data-based analysis and surveillance. In addition, a comparative legal analysis of the National practices of the European Union, the people's Republic of China and the Republic of Kazakhstan is carried out, and their effectiveness, innovative solutions and legal compliance with digital environmental management methods are evaluated. The results of the study make it possible to identify the main directions of coordination of digital tools with international legal institutions, as well as provide specific recommendations and practical guidelines aimed at improving the legal system for protecting the ozone layer. This study has important scientific and practical significance in terms of integrating international law and digital environmental management, as well as a significant contribution to improving climate policy. Keywords: ozone layer, international environmental law, digitalization, Montreal Protocol, Vienna Convention, digital monitoring, legal supervision.