M.K. Kuanyshev

M.K. Kuanyshev

Auto-generated profile, based on publicly available information

M.K. Kuanyshev

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

3Years (2024-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
5 September 2024 in Вестник КазАТК
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AKAltynbek Kaukarov
Altynbek Kaukarov
GBGabit Bakyt
Gabit Bakyt
МКМурат Куанышев
Мурат Куанышев
НСНургазы Сауханов
Нургазы Сауханов
БЖБауржан Жаманбаев
Бауржан Жаманбаев
Талдау негізінде жан-жақты зерттеу үшін кривошипті-кулисалы механизм (ККМ) қабылданды. ККМ поршеньнің ілгерілемелі қозғалысын қозғалтқыш білігінің айналмалы қозғалысына түрлендіруге арналған механизмдердің классикалық нұсқаларына жатады. Сырғанау мойынтіректерін зерттеу олардың элементртерінің өзара үйкелісінен туындайтын бірқатар факторлардың ішінде анықтаушылардың бірі – материалдардың жылу-физикалық қасиеттері екенін көрсетті. Жаңа зерттелген материалдан жасалған мойынтіректердің тірек беттері үшін таза мысты пайдалану сериялық мойынтіректермен салыстырғанда бес есе тозуға мүмкіндік береді. Жан-жақты талдаулар нәтижесінде ұсынылатын тығыздағыш үлгінің сенімділік көрсеткіштерінің және қозғалтқыштарда қолданудың тиімділік көрсеткіштері жоғары болатындығы негізделді. Бұл факторлар ұсынылған тығыздағыштың сипаттамасына оң әсер етеді және жөндеу шығындарының төмендеуінде, майдың жануының жойылуында және қасиеттерінің өзгеруінде, отынның пайдалану шығынының төмендеуінде көрінеді. Құрғақ тығыздағышты конструкциясы ақшалай түрде қолданудан үнемдеу сақиналар жиынтығының стандартты нұсқасымен салыстырғанда жылына шамамен 100 000 теңгені құрайды.

30 June 2026 in Научный журнал "Вестник Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова"
Verified
Journal Article
Closed access
ТЖТайкенов Ж.а.
Тайкенов Ж.а.
ШЕШабанов Е.ж.
Шабанов Е.ж.
ЖЕЖумагалиев Е.у.
Жумагалиев Е.у.
КМКуанышев М.к.
Куанышев М.к.
Жұмыста жоғары көміртекті феррохромды (ЖКФХ) қайта өңдеу кезінде ұсақ фракцияның түзілу мәселесі қарастырылған, ол ферроқорытпа өндірісінің тиімділігін төмендететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Ұсақ фракцияның түзілуі құймалардың құрылымдық-фазалық ерекшеліктерімен, соның ішінде олардың морттылығы мен ішкі ақауларының болуымен, сондай-ақ ұсату технологиясының параметрлерімен байланысты екені көрсетілген. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар барысында ФХ-900 маркалы феррохром 150, 170 және 190 мм саңылауларда ұсатылып, кейіннен тауарлы және кондициялық емес фракциялардың шығымы бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша саңылауды 190 мм-ге дейін ұлғайту ұсақ фракцияның (0-5 мм) шығымын 23,14 %-ға дейін төмендететіні анықталды, бұл базалық режиммен (220 мм) салыстырғанда 3,13 %-ға аз. Қосымша түрде ұсату параметрлерінің өзгеруі материалдың бұзылу сипатына және оның қайта ұсақталу дәрежесіне әсер ететіні анықталды. Ұсату режимін оңтайландыру гранулометриялық құрамды жақсартып, кондициялық өнім шығымын арттыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Алынған нәтижелер негізінде қоректендіру ірілігін және ұсату параметрлерін оңтайландыру арқылы ұсақ қалдықтардың шығымын азайтуға бағытталған технологиялық ұсыныс негізделді. Жабдықтың ең тиімді жұмыс режимі ретінде разрядтық саңылауды 190 мм деңгейінде ұстау ұсынылады. Алынған нәтижелер ферроқорытпаларды қайта өңдеу тиімділігін арттыруға, тауарлық өнім шығындарын азайтуға және өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатуға практикалық маңызға ие.

30 June 2026 in Science and Technology of Kazakhstan
Verified
Journal Article
Closed access
AKAltynbek Kaukarov
Altynbek Kaukarov
БЖБ. У. Жаманбае
Б. У. Жаманбае
МКМ. К. Куанышев
М. К. Куанышев
АМА. Ж. Мурзагалиев
А. Ж. Мурзагалиев
НСН. С. Сауханов
Н. С. Сауханов
Бұл мақалада іштен жану қозғалтқыштарының негізгі түйіні болып табылатын цилиндр-поршендік топтың құрылымындағы аса маңызды элемент – поршендік сақиналардың конструкциялық ерекшеліктері, олардың жұмыс режиміндегі жағдайы және жалпы қозғалтқыштың энергетикалық, экологиялық және механикалық тиімділігіне тигізетін ықпалы жан-жақты қарастырылды. Зерттеу барысында поршеньді сақиналардың негізгі функционалдық түрлері талданды: сығымдау, май қырғыш және қосарланған аралас, сонымен қатар олардың геометриялық пішінінің (бөшке тәрізді, конустық, тікбұрышты профильдер), бүйір бетінің конфигурациясының және жанасу бетінің модификациясының цилиндр аймағындағы нығыздалуы мен үйкеліс деңгейіне әсері сипатталды. Пайдалану сенімділігіне қолданылатын әртүрлі материалдардың әсері көрсетілген: шойын, легирленген шойын, болат негізіндегі сақиналар және олардың тозуға төзімді жабындары: хром, молибден, нитрид, плазма. Сонымен бірге компрессиялық сақиналардың қазіргі заманауи нұсқаларына арналған патенттік зерттеу нәтижелері талданды. Әлемдік патенттік базалардағы инновациялық шешімдерге – қалыңдығын айнымалы ету, термоэлластикалық деформацияны төмендететін арнайы ойықтар, төмен үйкелісті беттеме технологиялары, жарықшақтарды оптимизациялау және газ өткізбеу қабілетін арттыратын конструкциялық жаңалықтар жатады. Жүргізілген талдаулар іштен жану қозғалтқыштарының тиімділігін арттыруда поршендік сақиналардың құрылымдық параметрлерін жетілдірудің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Ғылыми жұмыстың басты мақсаты – заманауи материалдар мен инженерлік-конструкторлық әдістерді пайдалана отырып, поршендік сақиналардың құрылымын оңтайландыру арқылы үйкеліс пен тозуды азайту, цилиндр-поршендік топтың ресурсын ұлғайту және қозғалтқыштың энергия тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау болып табылады. Кілтті сөздер: іштен жану қозғалтқышы, поршень, компрессиялық сақина, үйкеліс, цилиндр-поршендік топ, патенттік талдау.

1 January 2024 in Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Technical Science and Technology Series
Verified
Journal Article
Closed access
PDF file
MKM.K. Kuanyshev
M.K. Kuanyshev
AKAltynbek Kaukarov
Altynbek Kaukarov
NSN.S. Saukhanov
N.S. Saukhanov
AMA.Zh. Murzagaliev
A.Zh. Murzagaliev
GBG.B. Bakyt
G.B. Bakyt
The article applies to similar conditions of use and the creation of a competitive two-stroke engine. Currently, there are prerequisites for creating an effective two-stroke engine, such as direct-flow scavenging, a valve-slotted gas distribution system with a multi-valve mechanism, hydraulic valve control, a diesel cycle with a high compression ratio, etc. To implement a set of promising technical solutions, a design basis is required, on the basis of which a two-stroke engine can be configured. As such, a crank-yoke kinematic mechanism for converting motion was chosen. The mechanism unloads the piston from lateral forces and allows the cylinder to be isolated from the oil sump, using the sub-piston volume as a purge pump. This required the development and research of a cylinder-piston group based on solid lubricant. The sliding bearing has also been improved with improved quality indicators based on the use of thermally conductive and antifriction materials of copper and graphite.

30 December 2024 in Science and Technology of Kazakhstan
Verified
Journal Article
Closed access
АМА. Ж. Мурзагалиев
А. Ж. Мурзагалиев
AKAltynbek Kaukarov
Altynbek Kaukarov
МКМ. К. Куанышев
М. К. Куанышев
НСН. С. Сауханов
Н. С. Сауханов
БЖБ. У. Жаманбаев
Б. У. Жаманбаев
Көлік кәсіпорындарының өндірістік қызметінде әлеуметтік – экономикалық жағдайға, өндірістік сипаттағы объективті себептер кешеніне, тиісті материалдық – техникалық базалардың болуына, оларды тиімді пайдалануға және кәсіпорындардың сапалы менеджментіне байланысты олардың экономикалық және еңбек шығындарын оңтайландыру мәселелері маңызды орын алады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларының (ТҚКС) жұмыс бағдарламасын (тапсырыс портфолиосын) қалыптастыру ерекшеліктері келтірілген және олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Жұмысты жазудың негізгі әдісі - математикалық модельдеу, математикалық және статистикалық талдау әдістері және басқалар. Жұмыста ТҚКС өндірістік бағдарламасы кездейсоқ тәртіппен кәсіпорынға түсетін істен шығулар мен ақаулардың қосындысы ретінде ұсынылған. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың ережелері негізінде өңделген, жылдық бағдарламаның математикалық модельдері және оны берілген уақыт аралығында бөлу ықтималдығы алынған. ТҚКС құрылымдарының біркелкі жүктелуін қамтамасыз ету арқылы өндірістік бағдарламаны оңтайландыру бойынша іс-шаралар ұсынылған. Сондай-ақ, белгілі бір нәтижелерге негізделген теориялық әдістер бар. Бұл зерттеуде автокөлік мекемелерін жобалау саласындағы эксперименттік-теориялық зерттеулер келтірілген және кәсіпорынға келетін көлік санын топтастыру негізінде жылдық бағдарламаны есептеу әдісі негізделген. Кілтті сөздер: автокөліктендіру; автокөлік құралдары, техникалық қызмет станциясы, Пуассон заңы, кездейсоқ процестер, регрессия теңдеулері.

30 June 2026 in Научный журнал "Вестник Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова"
Verified
Journal Article
Closed access
КМКуанышев М.к.
Куанышев М.к.
AKAltynbek Kaukarov
Altynbek Kaukarov
МАМурзагалиев А.ж.
Мурзагалиев А.ж.
УИУтебаев И.с.
Утебаев И.с.
МНМырзабеков Н.м.
Мырзабеков Н.м.
When developing the system, the company sought to minimize changes to the existing engine design, which largely determined the chosen layout. Furthermore, when developing the fuel system, it was necessary to take into account the protective effects of numerous patents, which influenced a number of design decisions. Common rail fuel systems for diesel engines in high-speed vehicles vary significantly in circuit design and the structure of individual components. Therefore, the most common design variations of these systems are discussed below. The fuel system design largely depends on the engine cylinder volume. The low-pressure fuel pump supplies the required fuel to the high-pressure fuel pump. A pressure-reducing valve maintains a constant pressure at the inlet of the high-pressure fuel pump section, located in the housing. As the name suggests, high-pressure fuel pumps are designed to create high pressure in the fuel line, which must always be significantly higher than the pressure in the engine cylinder, which is necessary for the normal operation of all similar fuel injection systems. To ensure stable operation of the high-pressure sections of diesel engines and effective lubrication of their supporting structures, a supply pressure of 0.5–0.8 MPa is required.