30 June 2022 in Mechanics and Technologies
АУАлматы Қ. Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Алматы Қ. Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
ТУТараз Қ. М.х. Дулати Атындағы Тараз Өңірлік Университеті
Тараз Қ. М.х. Дулати Атындағы Тараз Өңірлік Университеті
Мақалада геотермалдық ресурстардың сипаттамалары берілген. Геотермалды энергияның артықшылығы мен кемшіліктері қарастырылған. Геотермалды көздерден электр энергиясын өндіру келешегі баяндалған. Гидрогеотермалдық ресурстарды барынша тиімді игеруге ықпал ететін бинарлы Гео электр станциясын (ГеоЭС) артықшылықтары сипатталған.
30 December 2024 in Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series
Мақалада Қазақстанның геотермалды ресурстары бойынша жалпы ақпарат келтірілген. Алматы облысы,(Оңтүстік Қазақстан) Жаркент елді мекенінде орналасқан геотермалды су кен орындарына ерекше назар аударылып, қарастырылды. Зерттеу аясында QGIS 3.32.0 бағдарламасы көмегімен еліміздегі геотермалды ресурстардың орналасуын көрсететін аумақтық карта жаңартылып, цифрландырылды. Мақаланың мақсаты орташа және төмен температуралы геотермалды су кен орнын пайдалана отырып, Ренкин органикалық циклының (РОЦ) энергетикалық сипаттамасына талдау жасалынды. Әртүрлі органикалық сұйықтықтарды (R134a(фреон), изобутан, R-245fa, изопентан және R245ca) қолдана отырып, Ренкиннің органикалық цикл жүйесіне параметрлік зерттеулер жүргізіліп, термодинамикалық модель қарастырылды. Зерттеу барысында булану температурасы мен ішкі регенератордың ең жоғары температурасы Ренкин органикалық цикл жүйесінің өнімділігі мен жұмысына оң әсерін көрсетті. Графиктер Matlab Simulink бағдарламасының көмегімен тұрғызылды. Жаркент қаласындағы (Жарқұнақ кенті) №5539 геотермалды су кен орнынан Ренкиннің органикалық циклын пайдаланудың ықтимал нұсқасы талданып, шағын көлемде электр энергиясын өндірудің қызықты нұсқасы ретінде көрсетілді. Жергілікті геотермалды энергияны пайдалана отырып, Алматы облысы өзінің сыртқы энергия көздеріне тәуелділігін айтарлықтай төмендетіп, болашақта сол арқылы қоршаған ортаға әсерін азайтуға ықпал ете алады. Кілтті сөздер: Геотермалды ресурстар, Ренкин органикалық циклы (РОЦ), R134a(фреон), изобутан, R-245fa, изопентан, R245ca
1 March 2025 in International Journal of Power Electronics and Drive Systems (IJPEDS)
The relevance of this study stems from the desire to develop efficient and sustainable methods of energy extraction from low-temperature geothermal resources, which is of key importance in the context of finding alternative energy sources and reducing dependence on conventional, often non-renewable sources. The purpose of this study was to analyze the organic Rankine cycle (ORC) to improve the efficiency of energy recovery from low-temperature geothermal sources. The present study employed the analytical method, the deduction method, the induction method, the functional method, the classification method, the synthesis method. ORC applications for geothermal energy were comprehensively analyzed, with a focus on the investigation of low-temperature resources. The best cycle performance parameters were determined, considering diverse operating conditions. Concrete technical recommendations were developed for the selection of organic working media to improve system efficiency. The summarized findings highlight the potential of the ORC in enhancing the sustainability and efficiency of geothermal systems.
31 March 2026 in Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series
Қазіргі таңда жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану – әлемдік энергетикалық өтпелі кезеңнің стратегиялық бағыты болып табылады. Әсіресе күн және жел энергетикасы секторы тұрақсыздық пен маусымдық ауытқуларға бейім болғандықтан, энергияны тиімді әрі ұзақ мерзімді сақтау мәселесі өзекті сипатқа ие. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары өнімді литий-ионды аккумуляторлар – энергияны жинақтау және тұрақтандырудың негізгі шешімі ретінде кеңінен қарастырылуда. Бұл мақалада литий-ионды аккумуляторлардың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи ғылыми-техникалық тәсілдер талданады. Негізгі назар аккумулятордың анод және катод материалдарын жетілдіруге, атап айтқанда графиттің орнына кремнийді, ал кобальт негізді материалдарды экологиялық таза баламалармен алмастыруға аударылады. Сонымен қатар энергия тығыздығын арттыру, электролиттердің термиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және заряд/разряд циклдарының ұзақтығын көбейту мәселелері қарастырылады. Мақалада сондай-ақ литий-ионды аккумуляторлардың жаңғыртылатын энергия көздерімен интеграциялану ерекшеліктері мен техникалық шектеулері нақты мысалдар арқылы сипатталады. Зерттеу нәтижелері аккумулятор технологияларын жетілдіру жаңғыртылатын энергияның тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, экологиялық қауіпсіз энергия сақтау жүйелерін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Осылайша, литий-ионды аккумуляторлар – болашақтағы төмен көміртекті энергетика жүйесінің ажырамас элементі ретінде қарастырылады. Кілтті сөздер: Литий-ионды аккумуляторлар, жаңғыртылатын энергия көздері, күн энергетикасы, жел энергетикасы, энергия сақтау жүйелері, анод және катод материалдары.
24 September 2024 in Polityka Energetyczna – Energy Policy Journal