Laura M. Orazgaliyeva

Laura M. Orazgaliyeva

Auto-generated profile, based on publicly available information

Laura M. Orazgaliyeva

Astana IT University, Астана, 010000, Республика Казахстан

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

5Years (2022-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
15 March 2022 in International Journal of Engineering Pedagogy (iJEP)
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
EUElmira Uaidullakyzy
Elmira Uaidullakyzy
GTGuldariga Tautaeva
Guldariga Tautaeva
LOLaura Orazgaliyeva
Laura Orazgaliyeva
NDNurgul Duissekeyeva
Nurgul Duissekeyeva
GKGulmira Kamiyeva
Gulmira Kamiyeva
YSYermek Seidakhmetov
Yermek Seidakhmetov
The general aim of this study is to determine the knowledge levels of university students on distance education and the Google Meet application programme. The descriptive method was used in the research. The research was carried out in the spring term of 2020–2021, and consisted of 462 volunteer university students studying in the field of computer engineering at various universities in the Marmara region of Turkey. In order to determine the information of the participants, a measurement tool called ‘distance education platforms’ was used, which was developed by the researchers; the measurement tool was collect-ed from the students with the help of an online questionnaire. The raw data obtained from the measurement tool were analysed with the SPSS programme and categorised to reveal their understanding levels. Based on the findings, it has been determined that although digital natives have good views on today’s distance education and Google Meet topics, the level of understanding of the related concepts is quite high.

30 June 2025 in Bulletin of Toraighyrov University. Philology series
Verified
Journal Article
Closed access
ҚБҚ. Т. Бибеков
Қ. Т. Бибеков
ЛОЛ. М. Оразгалиева
Л. М. Оразгалиева
"Мақалада Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі «Ақылды» және «Надан» концептілеріне қатысты тілдік бірліктер, сөздер мен сөз тіркестері, мәтін элементтері лингвоконцептологиялық тәсілдеме тұрғысынан талдауға түседі. Лингвоконцептологияның негізгі бірлігі ретіндегі концептінің ерекшеліктері сараланады. Абай шығармашылығы арқылы оның дүниетанымы, санасынан орын тепкен әлем бейнесі, ол өскен ортаның шындық болмысты қабылдау ерекшеліктері көрініс тапқан. Лингвоконцептология тәсілдемесі негізінде Абай шығармашылығыдағы «Адам» макроконцептісінің аясына кіретін «Ақылды» және «Надан» концептілерінің семантикалық өрісі анықталды. Абайдың тілдік әлемінде «Ақылды» концептісі ақылды, ғалым, білімді, есті, ер, хаким сияқты т.б. лексемалары арқылы жарыққа шығып отырған. Ал «Надан» концептісі білімсіз, қырсық, шәргез, мақтаншақ, ақылсыз, қайғысыз сияқты т.б. лексемалармен берілген. Сонымен бірге «Ақылды» мен «Надан» концептілері түрлі атрибуттары арқылы мәнмәтіндік деңгейде көрініс тапқан. Абай белгілі бір лексемаға жалпыхалықтық тілдегіден басқа мағына үстеген кезде, кеңінен түсініктеме беріп, ұғымын тереңдетіп отырғаны анықталды. Бұл жағдайды біз ер – зат есімін талдау барысында анық байқадық. Абайдың көптеген өлеңдерінде «Ақылды» және «Надан» концептілері бір-біріне қарама-қарсы қойылып, мағыналары барынша терең әрі жан-жақты ашылған. Абай шығармашылығында концептілер өзара тығыз байланыста болғандықтан, оларды өзара байланыста қарап, кешенді түрде зерттеудің қажеттігі көрінді. Кілтті сөздер: лингвоконцептология, концепт, Абайдың тілдік әлемі, «Ақылды», «Надан», әлемнің тілдік бейнесі."

28 March 2026 in Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University. Philological Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ҚБҚ. Бибеков
Қ. Бибеков
ЛОЛ. Оразгалиева
Л. Оразгалиева
АМА. Мауленова
А. Мауленова
Мақалада Абай тіліндегі «күлкі» концептісінің репрезентациясы, мағыналық-құндылықтық қырлары және оның қазақ қоғамындағы күлкіге берген сыни бағасы аксиолингвистикалық тұрғыдан талданады. Зерттеудің негізгі нысаны – Абай тіліндегі «күлкі» концептісінің семантикалық құрылымы мен оның мәдени-аксиологиялық жүктемесі. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі «күлкі» концептісінің физиологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаты айқындалып, Абай дүниетанымындағы күлкінің орны мен мәні бағалау категориялары арқылы сараланады. Ақын шығармаларындағы күлкі феноменін талдау кезінде аксиологиялық бағыттың негізгі қағидаттары басшылыққа алынды. «Күлкі» концептісімен байланысты лексемалардың мағыналық құрылымын анықтауда семантикалық талдау және концептуалдық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері Абай тілінде «күлкі» концептісінің екіұдай (антиномиялық) құбылыс ретінде көрінетінін дәлелдейді. Біріншіден, күлкі антиқұндылық ретінде танылады. Бұл қатарға Абай сыни бағалаған арзан күлкі мен бояма күлкі жатады. Арзан күлкі – сауық-сайранға, жеңіл шаттыққа берілудің, уақытты мәнсіз өткізудің көрінісі болса, бояма күлкі – ортаға жағымпаздану, басқалардың назарын аудару, сүйкімді көріну мақсатында жасалатын жасанды әрекет. Аксиологиялық тұрғыдан мұндай күлкі екіжүзділікпен, пайдакүнемдікпен, манипулятивтік ниетпен ұштасып, теріс бағаланады. Екіншіден, күлкі құндылық ретінде шын күлкі ұғымымен байланыстырылады. Шын күлкі адамның рухани болмысынан туындайтын, ішкі жан тебіренісінің табиғи көрінісі ретінде сипатталады және позитивті аксиологиялық мәнге ие. Зерттеу нәтижелерін аксиолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларындағы ғылыми ізденістерде пайдалануға болады. Сонымен қатар мақала Абайтанудың тіл білімімен тоғысатын бағыттарын тереңдетуге үлес қосып, қазақ тіліндегі бағалауыш концептілерді зерттеуге теориялық негіз ұсынады.

30 March 2025 in Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ҚБҚ.т. Бибеков
Қ.т. Бибеков
ЛОЛ.м. Оразгалиева
Л.м. Оразгалиева
GMG.м. Mussabayeva
G.м. Mussabayeva
Мақалада Абай шығармаларының тіліндегі «ақыл» концептісі вербализациясы мен дефинициясының мағыналық аясы лингвоконцептологиялық тәсілдеме тұғысынан талдауға түседі. Қазақ тіл білімінде Абай тіліндегі «ақыл» концептісі арнайы зерттеу нысанына алынбаған. Абай тіліндегі «ақыл» концептісі қазақ халқының дүниетанымымен, ислам танымымен тығыз байланысты, сонымен бірге тек ақынның өз шығармашылығына ғана тән қолданысы мен мағыналық еерекшеліктері бар. «Ақыл» концептісіне қатысты мағыналар ақыл, ғақыл, ғылым, ой, көз, сәуле, зерек сияқты т.б. сөздер арқылы білдіріліп, суық ақыл, суық мұз ақыл, нұрлы ақыл, ақылдың көзі, әділетті ақыл, ақыл өлшеулі т.б. сөз тіркестерінде нақтылана түседі. «Ақыл» конептісінде тану, ғылым-білімді меңгеру, пайда-зиянды айыру, салыстыру, тексеру, талдау сияқты т.б. қасиеттер бар. Абайдың тілдік әлеміндегі «ақыл» концептісінде ақыл өлшеулі. Оның өлшеулілігі басқа дүниені тани алмауында емес, Алланы тануға қатысты көрінеді. Алладан басқа барша жаратылысты ақыл тани алады. Абай ақылдың үнемі дамып отыратын құбылыс екендігіне көңіл аудартады. Бірақ ақыл бала кездегі білуге деген құмарлықты тәрбиелеп, ізденіп, ұстаздан оқу арқылы дамиды.

29 September 2026 in Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ҚБҚ.т. Бибеков
Қ.т. Бибеков
ҚСҚ.қ. Сарекенова
Қ.қ. Сарекенова
ЛОЛ.м. Оразгалиева
Л.м. Оразгалиева
Мақалада қазақ және алтай тілдеріндегі үй-жай атауларымен байланысты тұрмыстық лексика салыстырмалы-лингвистикалық аспектіде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екі туыстас тілдегі үй-жайға қатысты атаулардың тарихи негізін, семантикалық құрылымын және лингвомәдени мазмұнын анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, лексика-семантикалық, сипаттамалық, жүйелеу және лингвомәдениеттанулық әдістер қолданылды. Эмпирикалық материал ретінде қазақ және алтай тілдерінің түсіндірме, диалектологиялық, этнографиялық сөздіктері мен әртүрлі стильдегі мәтіндер пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ және алтай тілдеріндегі үй-жай лексикасының ортақ түркілік негізден бастау алатыны, алайда тарихи даму мен мәдени тәжірибеге байланысты екі тілде өзіндік лексика-семантикалық ерекшеліктер қалыптасқаны анықталды. Қазақ тілінде үй лексемасы баспана ұғымының ядролық атауы ретінде көрінсе, алтай тілінде осы ұғымды білдіруде айыл, тура сияқты лексемалардың белсенді қолданылатыны байқалды. Сонымен қатар үй-жай атауларының тек материалдық мәдениетті білдіріп қоймай, этностың дүниетанымын, отбасылық қатынастарын, әлеуметтік құрылымын және кеңістік туралы түсінігін бейнелейтін мәдени код қызметін атқаратыны айқындалды. Мақала нәтижелері түркі тілдеріндегі тұрмыстық лексиканы салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге үлес қосып, үй-жай атауларының тарихи-семантикалық эволюциясын әрі қарай кеңірек түркілік материал негізінде қарастыруға негіз болады.

26 March 2025 in Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University. Philological Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ҚБҚ. Бибеков
Қ. Бибеков
ЛОЛ. Оразгалиева
Л. Оразгалиева
МЖМ. Жакипова
М. Жакипова
Мақалада Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі «Адам» концептісіне қатысты тілдік бірліктер, сөздер мен сөз тіркестері, мәтін элементтері лингвоконцептологиялық тәсілдеме талдауға түседі.. Лингвоконцептология тәсілдемемен зерттеуде Абай шығармашылығыдағы «Адам» концептісінің семантикалық өрісі анықталды. Лингвоконцептологиялық тәсідеме Абайдың шығармашылығын оның дүниетанымымен, ол өмір сүрген тарихи-мәдени ортамен, өмірлік көзқарастарымен, ұстанымдарымен байланыстыра қарауға мүмкіндік береді. Абайдың тілдік әлемінде «Адам» концептісі адам, кісі, мен, менікі, бала, әке, ата-ана, жақсы, жаман, ақылды, надан, залым, ғалым, туыс, ел, халық, ақын, кемел, единица сияқты т.б. лексемалар арқылы көрініс тапқан. «Адам» концепт аясына жататын адам болмысы, адамның жаратылысы, адамның өмірінің мәні, толық адам, адамның мақсат-мұраты сияқты ұғымдар Абайдың шығармаларының тілінде қалай көрініс тапқаны лингвоконцептологиялық тұрғыдан талдауға түсті. Абайдың тілдік әлемінде «Адам» концептісі сан-алуан сипатқа ие және әр түлі тілдік бірліктер арқылы жарыққа шығып отырады. Абайдың адам туралы тұжырымдамалық танымының бастау көздері анықталып, тілдік әлемінде қандай орын алатыны зерделенді. Абайдың тілдік әлеміндегі «Адам» концептісін лингвоконцептологиялық тәсілдеме негізінде талдау Абайдың тілдік әлемін дүниетанымымен, көзқарастарымен және өмірлік ұстанымдарымен байланыстыра отырып, бұл бағыттағы зерттеулердің перспективаларын көрсетіп берді. Зерттеудің нәтижелерін лингвоконцептология, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану бағытындағы зерттеулерде пайдалануға болады. Сонымен бірге абайтанудың өрісін кеңейтуде де бұл мақаланың өзіндік үлесі бар деуге болады.