30 September 2025 in Вестник КазУТБ
Бұл мақалада 2024 жылғы Қазақстанда жиналған классыз бидайды қолдану жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — бидайдың сапалық сипаттамаларын ескере отырып, оны тиімді өңдеу және пайдалану әдістерін ұсыну. Мақалада зертханалық және өндірістік әдістермен алынған нәтижелер көрсетіледі. Алынған мәліметтер классыз бидайды тағам және техникалық мақсатта қолдануға болатынын дәлелдеді. Жұмсақ бидай дәнінің өнген кездегі технологиялық қасиеттерінің өзгерісін зерттеу және оны ұн өндірісінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау өзекті мәселе болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты – өнген жұмсақ бидай дәнінің технологиялық қасиеттеріне әсерін бағалау. Зерттеу барысында сағыздылық мөлшері 26, 28 және 30% болатын бидай ұнына «Тәуелсіздік» сортының 24, 48 және 72 сағат бойы өнген дәнінен алынған ұн 5, 10 және 15% мөлшерінде қосылды. Альвеограф аспабында алынған нәтижелер өну үдерісі барысында Р – созылуға қарсыласу қабілеті (мм H₂O), Ie – серпімділік (%) және P/L қатынасы (мұндағы L – созылғыштық) көрсеткіштерінің төмендегенін көрсетті. Сағыздылық мөлшері әртүрлі ұн үлгілерінде реологиялық қасиеттердің нашарлауы ұқсас сипатта болды. Атап айтқанда, сағыздылық мөлшері 26,0%, 28,0% және 30,0% болатын ұн үлгілерінде созылуға қарсыласу қабілеті тиісінше 46%, 34% және 48%-ға төмендеді. Сол үлгілерде серпімділік көрсеткіші сәйкесінше 13%, 15% және 13%-ға кеміді. Ал P/L қатынасы ұндағы сағыздылық мөлшері 26,0% болғанда – 66%, 28,0% – 58%, және 30,0% болғанда – 64%-ға төмендеді. Аталған шарттарда жұмсақ бидай дәнін өндіру процесіне енгізу арқылы сапалы технологиялық қасиеттері бар ұн алуға мүмкіндік бар.
30 December 2025 in Вестник КазУТБ
В условиях нестабильности климатических изменений значительная часть урожая пшеницы в Казахстане представлена неклассным зерном, не соответствующим требованиям к зерну, соответствующий СТ РК 1046-2008 «Пшеница. Технические условия». Настоящее исследование направлено на комплексный анализ физико-химических и технологических характеристик неклассной пшеницы урожая 2024 года с применением методов искусственного интеллекта. В рамках работы была сформирована уникальная база данных, объединяющая лабораторные показатели и цифровые изображения зерна. Полученные результаты подтверждают перспективность интеграции ИИ в процессы оценки и сортировки пшеницы, а также закладывают основу для создания интеллектуальной системы аграрной диагностики.