К.с. Балапанова

К.с. Балапанова

Auto-generated profile, based on publicly available information

К.с. Балапанова

Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

2Years (2025-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
30 September 2025 in Bulletin of the Karaganda university Pedagogy series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
КБК.с. Балапанова
К.с. Балапанова
Мақалада гимназияда биологияны оқу кезінде электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі және биология сабақтарында ТopIQ электрондық платформасының негізгі артықшылықтары қарастырылған. Сонымен қатар, аталмыш платформа негізінде биология оқулығының авторлары Г.Т. Қартбаева, К.С. Балапанова және Қ.Қ. Тұмарбаеваның 7-сынып оқушылары үшін әзірленген интерактивті тапсырмалар мен оқыту әдістемесіне талдау жасалып, зерттеу жұмысы құрылды. Қазіргі дамып жатқан цифрлық ортада биология пәнін жетік меңгеру үшін электронды оқулықтардың тиімділігі, жеңілділігі және оқыту барысындағы нәтижелігі дәлелденген. ТopIQ электронды оқулықтың артықшылығы — берілген ақпаратты жеңіл қабылдау мен үлестірмелі материалдардың жоғарғы деңгейде берілуінде. Бұл оқушыларды биология пәнін оқуға деген ынталарын көтеріп қана қоймай, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Автор цифрлық оқулықтардың білім беру процесіне әсерін бағалап, сондай-ақ ықтимал қиындықтар мен оларды шешу жолдарын анықтау үшін сауалнамалар, сынақтар және бақылаулар жүргізді. Білім алушылардың көбісі ТopIQ платформаны пайдаланудың қарапайымдылығын оң бағалады және өздігінен білім алу дағдыларының жақсарғанын ерекше көрсетті.

30 March 2025 in Вестник Кокшетауского университета имени Ш.Уалиханова. Серия Педагогические науки
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
КБК.с. Балапанова
К.с. Балапанова
GKGulnaz Kartbayeva
Gulnaz Kartbayeva
Мақала Г.Т. Қартбаева, Қ.С. Балапанова, Қ.Қ. Тұмарбаевамен әзірленген 7- сыныптың «Биология» электронды оқулығын оқу үрдісінде қолданудың тиімділігін зерделеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі оқу үдерісін жедел цифрландырумен, биологияны оқытудың көрнекілігі мен интерактивтілігін арттыру қажеттілігімен, сонымен қатар оқытуды дараландырудың тиімді шешімдерін іздеумен байланысты. Мақаланың мақсаты – TopIQ платформасындағы электронды оқулықтың білім алушылардың білім беру нәтижелеріне, олардың оқу процесіне қатысуына және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға әсерін талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу әдістері қолданылды: сауалнамалар, салыстырмалы талдаулар, сынақтар және бақылаулар. Зерттеу барысында цифрлық форматтың артықшылықтары анықталды, оның ішінде қолданудың қарапайымдылығы, білім беру мазмұнының қолжетімділігі, интерактивті тапсырмалар және оқушыларға биологиялық үрдісті модельдеуге мүмкіндік беретін виртуалды зертханалық жұмыстар. Авторлар электронды оқулықтарды одан әрі жетілдіру, оның ішінде интерактивті мүмкіндіктерді кеңейту, мазмұнды мектеп оқушыларының жеке білім беру қажеттіліктеріне бейімдеу, пәнаралық байланысты нығайту бойынша ұсыныстарын ұсынады. Биологиялық пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған жаңа цифрлық құралдарды әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада мектептегі білім беруді жаңғыртуда цифрлық технологиялардың маңыздылығы мен биологиялық білім беру сапасын арттыру үшін оларды дәстүрлі оқыту әдістеріне кіріктіру қажеттігі айтылады.