1 January 2023 in ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Қазақстан экологиясындағы ең күрделі мәселелерінің бірі – Арал ауданының экологиясы. Мәселені шешуге әлемнің көптеген мемлекеттері қатысты. Арал өңірі халқының денсаулығына осы экологиялық мәселелердің кері әсері ерекше маңызды болып табылады. Арал теңізінің экологиялық өзгерісі осы техногендік Биогеохимиялық провинцияның қалыптасуына тікелей байланысты. Судың минералдануының жоғарылауының салдарынан инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың көбеюіне әкеледі. Ал судың минералдануының жоғарылауы сумен қамтамасыз етудің жағдайлары мен сандық көрсеткіштерінің өзгеріске ұшырауының себебінен болады. Арал ауданында халықтың денсаулығы күрт нашарлады. Соңғы деректерге сәйкес, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда бұл өңірде ас қорыту органдарының, туберкулездің, сарысудың, ағзаның эндокриндік жүйесінің, өкпе-тыныс жолдарының қабынуының, қан айналымы жүйесінің, жұқпалы аурулардың, сонымен қатар онкологиялық аурулары деңгейінің және басқа да ауру түрлері жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Осыған байланысты сумен жабдықтау жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру шараларын іздеу және дайындау, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы техногендік қауіпті төмендетудің теориялық негіздерін дәлелдеу бойынша өзекті ғылыми міндет шешілуде. Бұл халықтың өмір сүру ахуалын және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, экологиялық ахуалды қадағалау және көптеген зерттеулерді саралау Арал ауданының негізгі мәселесі және қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі белсенді түрде шешіп жатқан таза су мәселесі болып табылатынын көрсетеді.