31 December 2022 in Eastern-European Journal of Enterprise Technologies
The paper presents the results of the influence on shrinkage deformations of the adopted composition during the drying and firing of ceramic bricks made using rice husk and ash of the combined heat and power plant of the city of Kyzylorda of the Republic of Kazakhstan. The optimal values of the husk additives content and ash from thermal power plants in the studied compositions were determined. Ash dumps from thermal power plants (TPP) create environmental tension and pose a great threat to both the environment and human health. It was found that the hydro-removal ash from the thermal power plant mainly consists of oxides of silica (45.45…46.37 %) and alumina (16.62…17.70 %), there are oxides of calcium (1.66…2.20 %), magnesium (0.86…1.12 %), iron (2.98…3.41 %) and alkali metals (0.80…1.04 %). The composition of ceramic bricks based on loess-like loam, rice husks, and ash from thermal power plants was studied. The charge composition of the raw components of the “clay, TPP ash, and rice husk” brick: clay is 71…75 %, TPP ash is 18…22 %, and rice husk is 2…6 % of the total mass of the components of the raw mixture of ceramic bricks. The compressive strength of fired ceramic bricks was 11…12 MPa. According to the results of experimental studies, it was found that the increased concentration of rice husks in natural mixtures is characterized by a stable increase in ceramic mass drying cracks. The increase in time until the appearance of drying cracks is 100 up to 160 sec. The resulting ceramic brick in accordance with the developed composition has a low weight, good thermal properties and meets the standard requirements for ceramic bricks according to GOST 530-2012
1 January 2022 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
Соңғы онжылдықта көптеген зерттеушілер лёссті топырақтардың физикалық және механикалық (беріктілік және деформациялық сипаттамалары) айтарлықтай өзгергіштігін және осы жағдайды инженерлік есептеулерде ескеру қажеттілігін атап өтті. Инженерлік-құрылыс тәжірибесінде топырақ қасиеттерінің өзгергіштігін ескерудің түбегейлі маңыздылығы туралы алғаш рет Г.А.Мавляновтың жұмысында айтылған. Сондай-ақ, ол осы өзгергіштікті сандық бағалау үшін математикалық статистика әдістерін қолданудың маңыздылығы туралы мәселе қойған. Қазақстанның оңтүстігіндегі лёссті топырақтар қасиеттерінің өзгергіштігіне салыстырмалы талдау жүргізу үшін шөгінді топырақтарды суға қаныққанға дейін және суға қаныққаннан кейін олардың физика-механикалық қасиеттеріне зертханалық сынаулар жүргізілді. Зертханалық зерттеудің артықшылығы лёсс топырақтарының кеңістіктік өзгергіштігін, уақыт факторын, деформацияланған жай-күйін және т.б. ескере отырып, күтілетін процестерді зерттеу мүмкіндігі болып табылады. Алынған нәтижелерді талдай келе, лёсс топырақтары суға қаныққаннан кейін физикалық сияқты, беріктілік пен деформациялық сипаттамалардың өзгергіштігімен де сипатталады деп айтуға болады. Лёсс саздағының ылғалдылығы судың толық қанығуына дейін жоғарылаған кезде ішкі ілінісу бұрышының мәні нөлге дейін, ал ішкі үйкеліс бұрышы - 1,6 есе азайды. Құрылыстар негіздеріндегі лёсс топырақтары сипаттамаларының оларды суға қаныққаннан кейін өзгермелілігі лёсс шөгетін Топырақтардың объективті сапасы болып табылады.
1 January 2023 in ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Құрылыс саласының интенсивті дамуы құрылыс материалдарының жаңа, жоғары тиімді бәсекеге қабілетті технологиясын пайдалану болып табылады. Құрылыста көптеген өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың салынып, даму қарқынына қарамастан, практикада ғимараттағы апаттар мен деформациялар көптеп кездеседі. Талдау нәтижесінде апаттық салдары сығылу, беріктілік, топырақтың сіңірімділік сипаттамаларын дұрыс анықталмаған, себептерінен туындайды. Сондықтан да әлсіз топырақтарда орналасқан ғимараттардың деформациясын есептеу және жобалау қазіргі уақытта қайта қаралуда. Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар үшін қалыпты жағдайда пайдалану жағдайларының ішінен топырақты негіздерді шөгу бойынша есептеу негізгі болып табылады. Топырақтардың өзгергіштік деформациялық қасиетін зерттеудегі міндеті - іргетастар мен негіздерді есептеу кезінде қолданылатын сипаттамаларды анықтау. Құрылысты жүргізу кезінде сары топырақтың (лёссті) ылғалдылығының көтерілуі, оның табиғи байлыныстырғыш түйіршіктерінің жұмсаруы және сығылуының жоғарылауы әсерінен топырақтың беріктігінің баяу төмендеуіне әкеледі. Осының нәтижесінде қалыптасқан топырақтың табиғи кернеуленген күйі мен оның сығылуы арасындағы тепе-теңдік бұзылады, яғни, топыраққа қосымша шөгу пайда болуы мүмкін. Бұл мақалада тәжірибелердің нәтижесінде, шөгулер, жер асты су деңгейінің көтерілу кезінде шөгінді қасиеттеріне ие қабаттар шегінде капилярлық жоғарылату аумағына тиесілі екені анықталды. Сонда жер асты су деңгейі 5,2-5,4м-ге көтерілген кезде, топырақтың шөгуі болмаған, яғни сары топырақтың ең төменгі қабаттарында шөгінді қасиеттер жоқ
1 January 2023 in ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Қазақстан экологиясындағы ең күрделі мәселелерінің бірі – Арал ауданының экологиясы. Мәселені шешуге әлемнің көптеген мемлекеттері қатысты. Арал өңірі халқының денсаулығына осы экологиялық мәселелердің кері әсері ерекше маңызды болып табылады. Арал теңізінің экологиялық өзгерісі осы техногендік Биогеохимиялық провинцияның қалыптасуына тікелей байланысты. Судың минералдануының жоғарылауының салдарынан инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың көбеюіне әкеледі. Ал судың минералдануының жоғарылауы сумен қамтамасыз етудің жағдайлары мен сандық көрсеткіштерінің өзгеріске ұшырауының себебінен болады. Арал ауданында халықтың денсаулығы күрт нашарлады. Соңғы деректерге сәйкес, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда бұл өңірде ас қорыту органдарының, туберкулездің, сарысудың, ағзаның эндокриндік жүйесінің, өкпе-тыныс жолдарының қабынуының, қан айналымы жүйесінің, жұқпалы аурулардың, сонымен қатар онкологиялық аурулары деңгейінің және басқа да ауру түрлері жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Осыған байланысты сумен жабдықтау жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру шараларын іздеу және дайындау, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы техногендік қауіпті төмендетудің теориялық негіздерін дәлелдеу бойынша өзекті ғылыми міндет шешілуде. Бұл халықтың өмір сүру ахуалын және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, экологиялық ахуалды қадағалау және көптеген зерттеулерді саралау Арал ауданының негізгі мәселесі және қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі белсенді түрде шешіп жатқан таза су мәселесі болып табылатынын көрсетеді.