Е. Тихомирова

Е. Тихомирова

Auto-generated profile, based on publicly available information

Е. Тихомирова

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

2Years (2025-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
30 June 2025 in BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Chemistry. Geography. Ecology Series
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
LAL. Akbayeva
L. Akbayeva
ZBZh. Bakeshova
Zh. Bakeshova
ЕТЕ. Тихомирова
Е. Тихомирова
MNMamytova S Nurgul
Mamytova S Nurgul
ЕПЕ. Панғалиев
Е. Панғалиев
YPYe. Pangaliyev
Ye. Pangaliyev
Қоршаған ортаның антибиотиктермен ластану мәселесі экологиялық жүйеде бірқатар зардаптарға әкеледі және адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл саладағы зерттеу бағыттары кең ауқымды міндеттер мен объектілерді қамтиды. Мақалада антибиотиктердің қоршаған орта объектілеріндегі динамикасы мен таралуы және су нысандарының антибиотиктермен ластануының негізгі көздері туралы отандық және шетелдік ғылыми әдебиет деректеріне шолу жасалып, антибиотиктердің гидробионттарға әсер ету механизмдері қарастырылды. Антибиотиктердің түзілу көздерінен таралу жолдары, сондай-ақ олардың медициналық мекемелер, фармацевтикалық өндіріс, тұрмыстық шаруашылық, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды пайдалану, мал шаруашылығы және аквадақыл шаруашылығының арасында сақталуы сипатталған. Гидробионттардың антибиотиктерге төзімділігінің қалыптасуы және одан әрі таралу мәселелеріне назар аударылды. Қоршаған ортадағы дәрілік препараттардың экотоксикалық концентрацияларын зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. Қоршаған ортада антибиотиктер мен органикалық заттардың бұзылуы, азот пен фосфордың улы формаларының жинақталуы және эвтрофикация арқылы экожүйелік процестердің тұрақсыздануы арасындағы байланыстар анықталды. Жалпы алғанда антибиотиктердің динамикасы мен экотоксикокинетикасының әр түрлі механизмдерінің болуымен қатар, дәрілік препараттардың қоршаған орта элементтеріне таралуы мен әсер етуінің барлық жолдары өзара байланысты, өзара тәуелді және осының барлығын биогеохимиялық процестерді тұрақсыздандырудың біртұтас жүйесі ретінде көрсетуге болатыны анықталды. Зерттеулерді шолу негізінде антибиотиктерді пайдалануды бақылау, реттеу және экотоксиканттардан суды тазартудың жаңа технологияларын қамтитын шаралар ұсынылды.