30 March 2025 in Izdenister natigeler
Аталмыш мақалада Қазақстандық-Арал өңірінің күрт құбылмалы ауа-райы, су тапшылығы және қалыптасқан күрделі агроэкологиялық жағдайларында қант құмайы дақылын таза және төгінді сулармен суаруда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары айтылады. Созылмалы су тапшылығы өте өзекті жаһандық теріс үдеріске айналды. Әсіресе Қызылорда облысы секілді құрғақ және жартылай құрғақ, шөл-шөлейт аймақтарда суды аз тұтынатын техникалық дақылдардың үлес салмағын арттыру мен суару тәсілдерін жетілдіру аса маңызды болуда. Жалпы әлемде су ресурстарына деген болжамды зерттеулерге сәйкес трансшекаралық өзендердің ағыны 2030 жылға қарай 40%-ға қысқаруы мүмкін. Су қорларына деген әр түрлі бағыттардағы жүктемелердің өсуі және судың тұрақты қорларының азаюы нәтижесінде 2030 жылға қарай 14 млрд.м3 мөлшерде су тапшылығы күтілсе, 2050 жылға қарай су тапшылығы 20 млрд.м3 (су ресурстарына қажеттіліктің 70%-ын) дейін ұлғаятындығы болжануда. Ал, әлем назарындағы Қазақстандық-Арал өңіріндесу тапшылығы өткір қалпында екенін көп жылғы зерттеулер нақтылай түсуде. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мәліметі бойынша Шардара су қоймасы арқылы 2017 жылы 23939 млн.м3 су түсіп төменгі ағысқа жіберілсе, 2023 жылы 13453 млн.м3 су түсіп өмір тіршілігі нәрінің көлемі шамамен 44,8 %-ға азайғаны байқалды. Бұл жаһандық жылынудың әсері. Біздің зерттеуіміздің ғылыми және практикалық құндылығы жоғары себебі, көптеген ғалымдардың және болжамды зерттеулердің, құзырлы мекемелердің пайымдауынша Қазақстандық-Арал өңіріндегі су тапшылығы жағдайы жылма-жыл артатыны айтылуда. Су ресурстарын ауылшаруашылығына барынша тиімді пайдалану мақсатында соңғы жылдары жер асты суларын, коллектор-дренаж суларын, соңғы кезеңдерде төгінді лас суларды да ауылшаруашылығы дақылдарын суғаруға пайдаланудың тиімді технологиялары зерттелуде. Шетелдік және отандық зерттеушілердің ғылыми әдебиеттеріне шолу жасасақ су тапшылығы жағдайында техникалық дақылдардан орнықты өнім алу үшін төгінді суларды пайдалану ең тиімді тәсіл болып саналатындығы көрсетілген. Суармалы егіншілік жүйесі 100%-ыз қалыптасқан ірі күріш плантациясы Қызылорда облысы үшін суды аз тұтынатын, экономикалық тұрғыдан басқа дақылдардан кем түспейтін, тұзданған тұзды топырақтарда өсіп берік шем-шөп қорын қалыптастыратын қант құмайы секілді техникалық дақылдардың үлес салмағын күріш ауыспалы егістік жүйесіндегі көлемін арттыру жәнеэкологиялық, экономикалық және ең бастысы дақылды суарудағы тиімді технологияны негіздеу мен зерттеу аса маңызды.
1 January 2025 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
Мақалада тұрақты жеміс беріп тұрған лимон ағаштарының жылына 3-4 рет атқарылатын бөрікбастарын қалыпқа келтіруде, кесіліп тасталатын бұтақтардың ағымдағы жылдағы жасыл сабақтарынан Арал өңірі тұрғындарының тағамдық, сондай-ақ емдік-сауықтыру мақсаттардағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жылыжайлық лимон өндірістеріне арналған тікпе көшеттерді дайындаудың интенсивті технологиясының буындарындағы жұмыстар баяндалған. Олар – сабақ кесінділерінен қалемшелер дайындау, ыдыстар және субстрат дайындау, қалемшелерді ыдыстарға отырғызу мен оларды күтіп-баптаулар: бужайлық жағдайда тамырлату, суарулар мен үстеп қоректендірулер, аурулар мен зиянкестерге қарсы шаралар және жылыжайды жаздың аптап ыстығында көлеңкелеу. Сондай-ақ субстратты ыдыстарда тамырланған қалемшелік өсімдіктерді жылыжайдағы 1-ші жылғы өсіп-жетілу – бейімделу (адаптация) тәлімбағына жайғастыру, өсімдіктерді күтіп-баптау мен олардың бөрікбастарын қалыпқа келтіріп отыру. 2-ші жылы тікпе көшеттік өсімдіктерді күтіп-баптау, бөрікбастарды стандарт талаптарына сай келетіндей қалыпқа келтіріп отыру – түзету кесулерін атқару. 3-жылы тікпе көшеттік өсімдіктерді жылыжайлардағы тұрақты орындарға орналастыру мен оларды күтіп-баптау және т.с.с. Жылыжайлық лимон өндірісіне арналған тікпе көшеттер дайындаудың интенсивтік технологиясының буындарындағы қолданылған әдістер мен тәсілдер тікпе көшеттер дайындауды жеделдетуге, лимон шаруашылығын экологизациялауға, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарды үнемдеуге ықпал етеді. Тікпе көшеттердің стандарт талаптарына сай келетіндей қалыпқа келтірілген бөрікбастарының 3-4-ші реттік және әрі қарайғы қатарлы бұтақтары, жылыжайлардағы тұрақты орындарда қалыпты гүлқауыздану мен түйінбайлау барысында Арал өңірі тұрғындарын балғын, экологиялық таза лимон өнімдерімен қамтамасыз ететін болады.
1 January 2025 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
Бұл зерттеулер Қарауылтөбе күріш ауыспалы егістігі тәжірибелік учаскесінде жүргізілді. Зерттеулердің негізгі мақсаты – күріштің өсуі мен дамуын оңтайландыру үшін топырақ пен судың қолайлы тұз және жылу режимдерін сақтауға мүмкіндік беретін тиімді суару әдісін анықтау болып табылады. Күріш дақылының тиімді суару режимін анықтау маңызды мәселе болып табылады, әсіресе су ресурстары шектеулі Қарауылтөбе аймағы сияқты жерлерде. Бұл мақалада Қызылорда облысы жағдайында күріш дақылының суару режиміне арналған инновациялық технологияларды зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері күріш дақылын өсіруде суды 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ өнімділікті 1,5 есеге арттыратынын көрсетті. Алынған нәтижелердің экологиялық және экономикалық тиімділігі талқыланып, оларды ауыл шаруашылығы тәжірибесіне енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Күріш атыздарын суару режимін оңтайландыру үшін үш түрлі нұсқа зерттелді. Суару жүйелерінің тиімділігі көбінесе жердің мелиоративтік жағдайына байланысты, ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы дақылдарының суару режиміне тәуелді. Осыған орай, күріш суару жүйелерінің дұрыс және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие. Соңғы жылдары Қызылорда облысында ғана емес, барлық елде су тапшылығының әсері айқын сезілуде. Сондай-ақ, суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуі де егін шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Бұл жағдай су шығынының көбеюіне, топырақтың сортаңдануына және дақыл өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты күріш дақылына арналған тиімді суару режимін анықтау қажеттілігі арта түсуде.
1 January 2021 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
KZKazakh Research Institute оf Rice Growing named after I. Zhakhaev
Kazakh Research Institute оf Rice Growing named after I. Zhakhaev
KAKyzylorda University named after Korkyt Ata
Kyzylorda University named after Korkyt Ata
Мақалада Қызылорда өңірінің арнайы күріш ауыспалы егістігінде алғаш рет әртараптандыру дақылы қант құмайын егу арқылы, өңірдің тұзданып, құнарлылығы төмендеген топырақтарын қалпына келтіру және топырақтың тұздылығын төмендету жолдары айтылған. Өңірдегі ауыспалы егіс жүйесіндегі ирригациялық жүйелерін жылдар бойы реттеу мәселелері қаржылық тапшылықтарымен және т.б. түрлі себептердің жүргізілмеуі салдарынан, атыз топырақтары екінші тұздану процестерінен, топырақ құрамындағы тұздардың артуы, өсімдіктің өсуі мен дамуына өз кезегінде кері әсерлерін тигізуде. Енгізілген егістік аңыздарына тыңайтқыш түрлерінің тұзды топырақтарда сіңімділігінің төмендеуі, дақыл өскіндерінің сиреуіне, сондай-ақ өсімдік масақтарындағы дән сандарының төмендеуі, өнім мен сапаға кері әсерлерін тигізуде. Қызылорда өңірінде ең өзекті мәселе – арнайы күріш ауыспалы егіс топырағындағы органикалық заттарды көбейту, топырақ ортасын (рН) ретке келтіру, сонымен қатар күріш дақылына берілген тыңайтқыштардың айдалмалы қабат астындағы қатты ұлтандарды жою, өзекті мәселеге айналып отыр. Жоғарыдағы түйткілді мәселелерді шешу мақсатында, қант құмайы дақылына жүргізілетін агротехникалық шаралардың күріш ауыспалы егістігіндегі топырақтың физикалық және химиялық құрамдарының жақсаратындығы, сондай-ақ ауыспалы егістіктегі маманданған арамшөптердің жойылатындығы жайлы баяндалған.
1 January 2025 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
В статье представлены результаты исследования роста и развития корневой системы гибридных тополей сортов «Кайрат» и «Казахстан» в агроклиматических условиях опытного участка МСБО (г. Кызылорда). Цель работы заключалась в изучении морфологических особенностей подземной части растений при орошении биологически очищенными сточными водами. В ходе эксперимента применялись различные методы изучения корневых систем, включая полную раскопку, траншейный и монолитный методы, с фиксацией количественных и морфометрических характеристик корней. Установлено, что сорт «Кайрат» формирует более мощную подземную часть по сравнению с сортом «Казахстан», тогда как последний демонстрирует больший рост надземной части. В условиях засушливого климата и засоленных почв оба сорта показали высокую устойчивость, отсутствие признаков заболеваний и положительную реакцию на орошение сточными водами. Сформированные корневые системы обладают высокой адаптивностью, обеспечивая устойчивость деревьев к ветровалу и эффективное поглощение влаги. Расчёты показали, что с одного гектара возможно получение 300–400 м³ деловой древесины, что свидетельствует о высокой хозяйственной ценности и экономической целесообразности их выращивания. Полученные данные могут быть использованы при проектировании зеленых насаждений и экологического каркаса в условиях аридных регионов.