Adilbek Nabi

Adilbek Nabi

Auto-generated profile, based on publicly available information

Adilbek Nabi

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

2Years (2025-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
19 May 2025 in Journal of Philosophy Culture and Political Science
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ЗИЗ. С. Искакова
З. С. Искакова
ӘНӘ. Ж. Нәби
Ә. Ж. Нәби
ӘҚӘ. А. Құранбек
Ә. А. Құранбек
САС. Ө. Абжалов
С. Ө. Абжалов
БАБ. М. Аташ
Б. М. Аташ
АКА. А. Куранбек
А. А. Куранбек
Аталмыш жұмыста шығыс қисса-дастандары тақырыбы және Ұлы дала мәдениеті мен әдебиетінде зор із қалдырған нәзира дәстүрі тарихи-философиялық, мәдениеттанулық тұрғысында қарастырылады. Зерттеу шығыс сарындарының ретроспективалық аспектілерін талдауға және олар жеткізетін негізгі идеялар мен рухани бағыттарды анықтауға бағытталған. Мақсат – шығыстық шығармалардағы философиялық ұғымдар мен олардың дастаншыл-қиссашыл нәзира дәстүрі арналары арқылы ілгерілеу үдерісін анықтау және оның генезисін философиялық-мәдениаттанулық тұрғыдан зерделеу. Зерттеу әдістемесі философиялық концепция-тұжырымдамалар мен тарихи дәуірлеу әдістерін қолдана отырып, Қазақстан кітаби әдебиетінің мәтіндерін зерделеуді, тарихи-салыстырмалы талдауды, генетикалық тұрғына басшылыққа алады. Қисса дастандардың мазмұнын зерделей отырып, негізгі тақырыптар ашып көрсетілді: даналық, әділеттілік, тағдыр, жақсылық пен жамандық сияқты шығыс толғамдарында орын алған негізгі ойтүйерлер анықталды. Нәзираны әдіс-тәсіл ретінде қабылдау арқылы өзге мен өзінікін жетілдіріп синтездеп ұсыну және беру үрдісі талданады. Зерттеу сонымен қатар шығыс хикаят-әңгімелері мен дастандарының қазіргі қоғам үшін философиялық маңыздылығы ұсынылды, көне мифологиялық көріністердің әдеби тілдегі берілу жолдары мен олардың басқа да тілдерде қайта жырлануының өзіндік технологиялары көрсетілді. Нәзирагөлік дәстүрді арнайы институт ретінде қарастыра келе, оның қызметтерін, жалпылама табиғатын ашып көрсететін тұжырымдар ұсынылды. Оның генезисі тек әдеби дәстүрде ғана емес, жалпы қоғамдағы рухани мәдениетте: өнерде, әлеуметтік мифтерде, ғылым дамуында, оның ішінде жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда да т.б. көрініс табатындығын анологиялық түрде көрсеттік. Бірақ адамзат руханиятындағы қайталалаулардың әрқилы форматта құрылымданатындығын туралы тұжырым жасай келе, нәзирагөйліктің өзіндік ерекшеліктерін атап өттік. Түйін сөздер: нәзира, миф, ұлттық бірегейлік, әдебиет, аударма, тіл.

27 June 2025 in Al-Farabi
Verified
Journal Article
Closed access
PDF file
ANAdilbek Nabi
Adilbek Nabi
SASultanmurat Abzhalov
Sultanmurat Abzhalov
ZNZhakhangir Nurmatov
Zhakhangir Nurmatov
ARAiymzhan Ryskiyeva
Aiymzhan Ryskiyeva
Бұл мақалада «Үкаша ата құдығы» мәселесін философиялық талдауға бетбұрыстар жасалды. Алдымен «сакральділік» мәселесіне шолулар жүргізілді, ол дінтану әдіснамасы бойынша өзіндік бір мағыналыққа ие екендігі туралы мағлұматтар берілді. Үкаша ата құдығы туралы сакральділік екі арнада қарастырылды. Біріншісі, Үкаша атаның өзінің тұлғалық болмысы, өмірбаяны, ислам діні мен қоғамдағы орны болса, екіншісі, құдықтың нақты тарихи мазмұны мен жалпы «құдық» феноменінің сакральді сипаты. Бұл зерттеулерімізде біз алдымен, Үкаша ата мен оның құдығы туралы таза этнографиялық көзқарастарды негізге алдық. Бұл көзқарастардың ішінде халықтық дүниетанымдағы сакральділік пен Үкаша ата, оның құдығын құндылықтық бағдарлар деп танитын діни апологетикалық көзқарастар ғана негізге алынды. Сондықтан да, басқа жаратылыстанулық ғылыми мәліметтер болмағандықтан, нарративті білімдер мен ислам дініне басымдылық беретін діни философиялық пікірлерге сүйендік. Дегенмен, рационалды философиялық көзқарас тұрғысынан талдау қолданылды. Этнографиялық мәліметтер ретінде қоғамдық санадағы пікірлерді жинақтап, Үкаша ата құдығы туралы мәселені интегративті таным аясында қарастыра келе, оған әрқилы көзқарастар тұрғысынан қорытындыларымызды ұсындық: амбивалентті диссонанс; еркін-ойдың демистификациясы-скептицизмі; аксиологиялық-сакральды құндылықтарды қайта бағалау; ұлттық діл мен код; деконструкция-психоаналитикалық тәсіл; прагматистік реконструкциялау – ақиқат өлшемі; редукционизм; лингвистикалық философия