Tuta absoluta (Meyrick, 1917) қарқынды таралуы Қазақстан Республикасының көкөніс шаруашылығымен айналысатын негізгі аймақтарын, атап айтқанда Алматы және Батыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінің аймақтарында кеңінен таралды. Ол көптеген елдерде карантин нысаны болып табылады. Қызанақ күйе көбелегі Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің тізіміне енгізілген. Қызанақ күйе көбелегітің зияндылығы өте жоғары, дақылдардың зиянкестермен зақымдануы нәтижесінде өнімнің шығымдылығы мен тауарлық сапасының жоғалуы 35-тен 100%-ға дейін жетуі мүмкін. Химиялық инсектицидтердің көмегімен Tuta absoluta-мен күресу өте тиімді емес, өйткені оларды ойланбастан пайдалану нәтижесінде зиянкестерде белсенді заттардың көптеген топтарына резистенттілік қалыптасқан. Қоршаған ортаны ластамай, тұтынушылар үшін жоғары сапалы, қауіпсіз өнім алуға мүмкіндік беретін қызанақты қорғау стратегияларын әзірлеу өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты ашық және жабық алаңда өсірілетін қызанақ алқаптарында аталған зиянкеске қарсы энтомофагтарды, биологиялық препараттарды және қауіптілігі төмен инсектицидтерді қолдана отырып қорғаудың интегралды жүйесін әзірлеу және енгізу қажет. Энтомофагтарды, биопрепараттарды, феромон тұтқыштарын және қауіптілігі төмен пестицидтерді қолдана отырып, интегралды қорғау жүйесін қолдану арқылы қызанақты зиянкестерден қорғау бойынша эксперименттерді «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» ЖШС жас ғалымдары «Мұса» шаруа қожалығының қызанақ алқабында жүргізілді.
1 January 2023 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
В настоящее время разработка биологических методов контроля численности насекомых-фитофагов является одним из наиболее приоритетных и динамично развивающихся направлений в Казахстане. Проведение поиска и выделение местных штаммов энтомопатогенных грибов для создания и поддержания коллекции микроорганизмов с целью разработки биопрепаратов. Важным моментом повышения микробиологического контроля насекомых является проблема выбора патогенного штамма микроорганизма и защита его при хранении и применении биопрепарата. Использование высокоэффективных штаммов и новых подходов по наработке биопрепаратов в будущем позволит запустить конвейерную линию по производству отечественных биопрепаратов. Поэтому научно-технические решения в области биологической защиты растений являются новыми и перспективными, так как ориентированы на поддержание уже имеющейся коллекции и пополнения новыми энтомопатогенными микроорганизмами. Отечественные биопрепараты изготавливаются на основе микроорганизмов, поэтому оказывают эффективное воздействие на вредителей. При этом использование химических пестицидов в борьбе с насекомыми несколько сокращается, а отечественные биопрепараты повышают экологическую активность окружающей среды. Поэтому, отечесттвенные биопрепараты являются актуальными элементами создания комплексной системы защиты растений от вредителей в Казахстане
1 January 2025 in Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University
Түркістандық өрмекші кенесі (Tetranychus turkestani) – ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиян келтіретін және әлемдік деңгейде айтарлықтай экономикалық шығындарға себеп болатын қауіпті зиянкес. Бұл зерттеуде Оңтүстік Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан бөлініп алынған Beauveria bassiana (Bals.-Criv.) Vuill. энтомопатогенді саңырауқұлағының алты штамының T. turkestani-ге қарсы тиімділігі зерттелді. Штамдар Сабуро қоректік ортасында (SDA) өсіріліп, 1×10⁷ және 1×10⁸ спора/мл концентрацияларында конидия суспензиялары дайындалды. Суспензия құрамына беттік-белсенді зат ретінде 0,1% Tween 80 қосылды. Залалдаудан кейін, 5, 7 және 10-шы тәуліктерте кене өлімінің көрсеткіштері тіркеліп, штамдардың биологиялық белсенділік деңгейі бағаланды. Зерттеу нәтижелері зерттелген штамдардың патогенді белсенділігінде елеулі айырмашылықтар бар екенін көрсетті. BScar2-09, BL1(т)-09 және BCa3(m)-09 штамдары ең жоғары тиімділік көрсетіп, сынақтан өткен ең жоғары концентрация 80%-дан астам өрмекші кенелерінің өлімін туындатты. Экспозиция ұзақтығы мен өрмекші кенелерінің өлім деңгейі арасында оң корреляциялық байланыс анықталды Алынған деректер T. turkestani-ге қарсы биологиялық күресте B. bassiana штамдарын қолданудың болашағы бар екенін көрсетеді. Алайда бұл нәтижелерді практикада қолдану үшін бөлінген штамдарды далалық жағдайда қолдану шарттарын оңтайландыру және оларды өсімдіктерді интеграцияланған қорғау жүйелеріне енгізу бойынша қосымша зерттеулер қажет.