Е.т. Sansyzbayev

Е.т. Sansyzbayev

Auto-generated profile, based on publicly available information

Е.т. Sansyzbayev

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Research Focus & Metrics

Academic Career Length

5Years (2022-Present)

(Calculated once Scilit publication data is synced: current year − year of first publication + 1)

Representative Publications

View All Publications
30 June 2025 in HERALD OF SCIENCE OF S.SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AGAblaisanova Gulmira
Ablaisanova Gulmira
ҚИҚ.б. Исбеков
Қ.б. Исбеков
ЕSЕ.т. Sansyzbayev
Е.т. Sansyzbayev
MAMoldir Aubakirova
Moldir Aubakirova
KIKuanysh Isbekov
Kuanysh Isbekov
Алғышарттар мен мақсат. Мақалада Қапшағай суқоймасында тіршілік ететін көксерке популяциясының биологиялық көрсеткіштері, морфологиялық талдауы, абсолютті жеке тұқымдылығы (бұдан әрі - АЖТ), жастық құрамы мен кездесу жиілігі, ауланған ау көздеріне қатысты пайыздық көрсеткіштері, суқойма бойынша кеңістікте таралуы берілген. Материалдар мен әдістер. Мәліметтер Қапшағай суқоймасында жиналды және өңдеу жұмыстары «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС ихтиология зертханасына жүргізілді. Морфологиялық талдауы Алакөл көліндегі көксеркемен салыстырмалы түрде, ал ұқсастығы кластерлік анализ негізінде жүргізілді. Нәтижелер. Алынған мәліметтерге сүйенсек, аулауда 2 және 4 жас аралығындағы көксерке дарақтарының басым екенін көрсетеді (79,0%), аулау көрсеткіші бойынша көксеркенің ау көзі 30-40 мм ауға ең көп ауланғанын (50,8%) байқауға болады. Көксеркелердің кеңістікте таралуы бойынша алынған нәтижелер көрсеткендей, олар суқоймаға кеңінен таралған. Абсолютті жеке тұқымдылығының мәліметтері жасына қарай тұқымдылығы артатынын көрсетеді, 2024 ж. зерттеу кезінде көксеркенің АЖТ 309,0 мыңнан 801,3 мыңға дейін жеткен. Қорытынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қапшағай су қоймасындағы көксерке популяциясының жағдайы қанағаттанарлық екені анықталды. Ауланған көксеркелердің жастық құрамы 1-ден 11 жасқа дейiн болды, оның iшiнде 2-ден 4 жасқа дейiнгi жастағы дарақтар басым (79,0%), ал аулауда ересек дарақтардың үлесi аз, шамамен 0,2-9,2%. Фултон бойынша қоңдылық коэффициенті 0,83-2,73 аралығында болды. Балықтардың жасынның ұлғайғанына қарай абсолюттiк жеке тұқымдылығы артады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес көктемгі, жазғы және күзгі кезеңдерде көксерке Қапшағай суқоймасы бойынша кеңінен таралған, бұл су айдынның көксеркенің өсуі мен дамуы үшін қолайлы екенін көрсетеді.

20 March 2025 in Experimental Biology
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ЕСЕ.т. Сансызбаев
Е.т. Сансызбаев
СШС.е. Шарахметов
С.е. Шарахметов
FAFariza Amirbekova
Fariza Amirbekova
Трансшекаралық өзендердің ихтиофаунасын зерттеу экожүйені сақтауда, балық ресурстарын тұрақты басқаруда және олардың популяцияларын қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Бұл зерттеулер балық түрлерін қорғау, олардың сарқылуын болдырмау және экожүйелер мен адам әрекетінің үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды әзірлеуге көмектеседі. Мақалада Ақсу өзенінің қазақстандық бөлігінің негізгі гидрохимиялық сипаттамалары, ихтиофаунасының алуантүрлілігі, учаскелер бойынша түрлердің кездесу жиілігі, алуантүрлілік көрсеткіштері мен ұқсастық индекстері сияқты мәліметтер келтірілген. 2023-2024 жылдары жүргізілген ихтиологиялық зерттеулер бойынша Ақсу өзенінің таксономиялық құрамы 9 түрді құрады. Олардың 3 түрі аборигенді, 6 түрі бөгде түрге жатады. Аборигенді түрлер: сібір тортасы Rutilus lacustris (Pallas, 1814), шығыс тыраны Abramis brama orientalis Berg, 1949, түркістан теңге-балығы Gobio lepidolaemus (Kessler 1872). Бөгде түрлер: амур шабағы Pseudorasbora parva (Temminck et Schlegel, 1846), бозша мөңке Carassius gibelio (Bloch, 1782), кекіре Rhodeus sericeus (Pallas 1776), өзен абботинасы Abbottina rivularis (Basilewsky, 1855), медака Oryzias latipes (Temminck et Schlegel, 1846) және бұзаубас-балық Rhinogobius sp. ...

30 December 2024 in Izdenister natigeler
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
БТБалжан Токсабаева
Балжан Токсабаева
ҚИҚуаныш Исбеков
Қуаныш Исбеков
ЕСЕрбол Сансызбаев
Ербол Сансызбаев
МБМухтар Байбатшанов
Мухтар Байбатшанов
ҚРҚарлыға Рамазан
Қарлыға Рамазан
KIKuanysh Isbekov
Kuanysh Isbekov
Бұл мақалада 1970 жыл мен 2024 ж. аралығында пілмай туралы жарияланған әдебиет көздерінен алынған мәліметтер, сонымен қоса Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жасалған ғылыми жұмыстар және балықшылар мен балық инспекциясы мамандарынан алынған мәліметтер келтірілді. Пілмай (Acipenser nudiventris Lovetsky, 1828) бекірелер тұқымдасына жататын саны аз және бағалы балық түрі. Ол Арал теңізінің эндемигі болып табылады. Тіршілік ететін табиғи ареалы Қара, Азов, Каспий, Арал теңіздерінің бассейндері мен олардың сағалары. Пілмай әлемдегі ең осал және аз бекіре тұқымдас балықтарға жатады, оны 1933-1934 жылдардағы жерсіндіруінің арқасында бүгінгі таңда Балқаш-Іле бассейнінде (Қазақстан – ҚХР) жекелеген даралар кездеседі. Айта кету керек бұл бекіре тұқымдас балықтарды сәтті жерсіндірудің жалғыз мысалы. 2024 жылы Қапшағай су қоймасындағы және Іле өзеніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мамыр-тамыз айларында 10 станция бойынша өткізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша пілмай популяциясының саны өте төмен. Ауға сирек тек шабақтары ғана түседі. Осы түрдің мүлде жойылып кетуден сақтау үшін Балық шаруашылығы ғылыми-өндірісітік орталығы, Балқаш филиалында тұйық жүйелі қондырғыда пілмайдың ремонттық-аналық үйірін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

21 December 2022 in HERALD OF SCIENCE OF S.SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
FAFariza Amirbekova
Fariza Amirbekova
AGAblaisanova Gulmira
Ablaisanova Gulmira
ЕСЕ. Т. Сансызбаев
Е. Т. Сансызбаев
СҚС. Қарлыбайұлы
С. Қарлыбайұлы
KIKuanysh Isbekov
Kuanysh Isbekov
The article describes the species diversity of the ichthyofauna of the Kyzylagash reservoir belonging to the Balkhash-Alakol basin. The taxonomic composition of the fish of the studied reservoirs was made up of aborigines, introduced fish, commercial fish, and also non-commercial fish. As a result of the study, it was revealed that the ranges and the number of native fish are decreasing, the range of distribution of introduced fish is expanding, and the species diversity is increasing. During the study, native and alien fish species belonging to the family Cyprinidae, Balitoridae and Channiidae were discovered. Native: balkhash marinka Schizothorax argentatus (Kessler, 1874), naked osman Diptychus dybowskii (Kessler, 1874), common minnow Phoxinusp phoxinus (Linnaues, 1758), plain loach Triplophysa labiata (Kessler, 1874), Severtsov’s loach Triplophysa sewerzowii (G.Nikolsky, 1938), spotted thicklip loach Triplophysa strauchi (Kessler, 1874), tibetan stone loach Triplophysa stoliczkai (Steindachner, 1866). Alien fish species were also noted here: Pseudorasbora Pseudorasbora parva (Temminck et Schlegel, 1846), snakehead Channa argus (Cantor, 1842). Of the rare native fish species, there are Balkhash marinka, plain loach, Severtsov’s loach and spotted thicklip loach. The study was funded by the Ministry of Ecology, Geology and Natural Resources of the Republic of Kazakhstan (Grant BR10264205).

30 June 2025 in Ġylym ža̋ne bìlìm
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
AUAl-Farabi Kazakh National University
Al-Farabi Kazakh National University
TKT.G. Konysbayev
T.G. Konysbayev
Sayat SharakhmetovSayat Sharakhmetov
Sayat Sharakhmetov
IZIrina Zharkova
Irina Zharkova
NSNurtazin Temirgalievich Sabir
Nurtazin Temirgalievich Sabir
JGJ. Gusseinova
J. Gusseinova
The article presents the results of 2021 research on the bream (Abramis brama) population of the Kapchagay Reservoir and notes the changes that have occurred in its population compared to earlier studies. Modern sustainable use of natural biological resources presupposes the mandatory preservation of their natural reproduction, while taking into account the need to preserve each type of resource not only within its natural range, but also in each habitat. One of the valuable natural bioresources is the commercial ichthyofauna of inland waters. The Kapchagay Reservoir is one of the main fishery reservoirs in the country. The main share of the industrial catch in this reservoir falls on the bream (Abramis brama). Studies of the bream population of the Kapchagay Reservoir conducted in 2021 showed that the age structure of this species is represented by twelve age groups (from 1+ to 12+). At the same time, 4-year-old fish predominate,their share in the catches amounted to 22.03%. The main fishing load falls on fish older than five and six years, the share of which in the catches was 13.28% and 10.73%, respectively. Visualization of the spatial distribution data of bream in the Kapshagay Reservoir showed that despite the fact that bream is found throughout the water area in relatively large quantities, there is a seasonal accumulation in certain areas of the reservoir. The rejuvenation of the bream population in the Kapshagay Reservoir compared to the catch records of previous years indicates overfishing, which is due to its IUU fishing

30 December 2025 in Izdenister natigeler
Verified
Journal Article
Open access
PDF file
ЖБЖарқын Баққожа
Жарқын Баққожа
GAGulmira Ablaisanova
Gulmira Ablaisanova
ЕСЕрбол Сансызбаев
Ербол Сансызбаев
ГИГулсим Искакова
Гулсим Искакова
ГДГулжанат Дүйсенбекова
Гулжанат Дүйсенбекова
ЖБЖаркын Баккожа
Жаркын Баккожа
Бұл мақалада Қапшағай су қоймасын мекендейтін қаракөз (Rutilus caspicus) балығының морфологиялық талдауы берілген. Талдауда жалпы саны 25 дана қаракөз өлшенген, оның ішінде, 16 меристикалық және 23 пластикалық белгілері алынған. Морфологиялық өлшемдері алынған балықтардың жастық құрамы 3-6 жас аралығындағы дарақтар болды. Олардың дене ұзындығы мен салмағы, жыныстық айырмашылықтары, сондай-ақ, бұрынғы ғалымдардың жүргізген зерттеулермен салыстырмалы сипаттамасы берілді. Алынған барлық морфометриялық көрсеткіштер статистикалық өңдеуден өткізілді. Нәтижесінде дарақтардың орташа мәндері, орташа сызықтық ауытқулары, орташа квадраттық ауытқулары, вариация коэффициенттері және қоңдылық коэффициенттері есептелді. Алынған деректер негізгі компоненттер анализі (PCA) арқылы талданды. Мақалада берілген зерттеу жұмыстары жалпыға ортақ ихтиологиялық әдістемелер негізінде жүргізілді және әдістемелерде аулауға қолданған құрма аулардың өлшемдері мен құрал-жабдықтардың сипаттамалары берілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде Қапшағай су қоймасындағы қаракөздің денелерінің ұзындық-салмақтық көрсеткіштеріне қатысты пластикалық белгілерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталғанмаған. Ал меристикалық (сандық) сипаттамалар ішінде омыртқа саны мен желбезек тілшелерінің мөлшерінде шамалы өзгерістер байқалған. Зерттеу нәтижелері популяцияның морфологиялық тұрақтылығын дәлелдеп, Қапшағай су қоймасының қаракөз балығы үшін қолайлы орта екенін көрсетті.